Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкент пен Түркістан облысының 17 елді мекені газсыз қалды

AstanaTV
30.04.2019ж. 20:00
4013
Шымкент пен Түркістан облысының 17 елді мекені газсыз қалды

Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарасты ұзын саны 17 елді мекен кешеден бері көгілдір отынсыз қалды. Өйткені газ құбыры тесілген. Мамандар сегіз мыңнан астам отбасы мен жүзден аса мекеменің көгілдір отынсыз қалуына әкімдікті кінәлап отыр. Қауіпті аумақтағы жер телімдері халыққа үй салуға берілген көрінеді. Бүгін газ беріле бастағанымен, мәселе мұнымен бітпейтін секілді. Айзада Төребекқызы мән-жайды анықтауға тырысты.

Шымкенттің іргесіндегі Тоғыс ауылының тұрғыны Зағипа Өсербаева жанының аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр. Жалғызбасты ана кеше газ мамандары жеткенше тесілген құбырмен әуре болғандардың бірі. Айтуынша, үйінің ауласындағы ойлы-қырлы жерді тегістетпек болып, ауыр техниканы жалдапты. Тегістеп жүрген техника құбырды тесіп алған.

Зағипа ӨСЕРБАЕВА:

Бұл жерде газ құбыры бар екенін мүлдем білмедік. Ол газ құбырын білсек біз алмаймыз ғой ол жерден, ол жерде ешбір белгі знак деген қойылмаған. Погрузчик байқаусызда теміріне тиіп, байқаусызда газ шығып кетті. Тесіліп қалды.

8 мыңнан астам отбасыға газ беріп отырған диамерті 400 миллиметрлік құбыр Тоғыс ауылын қиып өткен. Байырғы тұрғындар бұл газ қырық бес жылдай бұрын тартылған деп отыр. Алайда ешбірі оның нақты қай тұста жатқанын кешеге дейін білмедік дейді.

Сапарғали САБЫР, ТЕХНИКА ҚОЖАЙЫНЫ:

Бұл жердің бетінде жатыр, біріншіден. Екіншіден, ограничение знак қойылмаған. Менің білуімше 2-2,5 метр тереңде жату керек газдың трубасы. Қазір бұл жерде 10-ақ см, беті көміліп жатыр әшейін. Тіпті 10 см-ге жетпейді.

Ал салаға жауаптылар негізгі кінә қорғау аймағында орналасқан телімдердің халыққа беріліп кетуінде деп отыр.

Айбек ЕРҒАЛИ, «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ МГҚБ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Әкімшілікпен жұмыс атқаруымыз керек. Ауылды мекенде нарушение охранной зоны дейміз газ құбырына қауіпті заң талабын сақтамаған. Халыққа барлық жерден жер беріп тастаған. Міне, өздеріңіз көріп отырсыздар, газопроводтың үстіне үй салып тастаған жағдайлары бар. Бұл дегеніңіз өте қауіпті нәрсе, 50 метрден кем болмауы керек ара қашықтығы. Қандай да бір үй ғимараттарды салу бұл жерге тиым салынады.

Александр МАЛАХОВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Менің айтарым біздегі Тоғыс, Елтай, Айнатас сынды бес елдімекен 2014-2015 жылы Төлеби ауданынан қосылған. Ал бұл телімдер 2006 жылы рәсімделген. Сол себепті жер учаскелеріне қатысты сұрақтарыңызды Төлеби ауданының әкімдігіне қойсаңыздар болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ал Төлеби ауданындағылар алты жыл бұрынғы жағдай бойынша әзірге нақты ештеңе айта алмайтындарын хабарлады. Ал ақауға келсек, газ шарауашылығындағылар негізгі кінәлі ретінде тракторшыны көріп отыр. Шығынды да содан өндірмекші. Қазір оны есептеп жатқан көрінеді. Ал қызыл сызықта орналасқан тұрғын үйлердің мәселесін енді сот арқылы шешпек.

А. Төребекқызы