Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Парламент Мәжілісінің депутаттары ел ішінде

AstanaTV
02.05.2019ж. 20:00
3222
Парламент Мәжілісінің депутаттары ел ішінде

Оралда студенттер 3D модельдеу ісін қолданысқа енгізбекші. Болашақ құрылысшылар бұдан былай ғимараттардың үшөлшемді модельдерін виртуалды кеңістікте құрастырмақшы. Ал, атыраулықтар қауіпсіз азық-түлікпен қамту ісіне басымдық берген. Аймақтарға жұмыс сапармен барған мәжіліс депутаттары бірқатар жобамен танысты.  

Оралдағы аграрлы - техникалық колледжінде қолға алынған жаңа жоба мәжіліс депутаттарына таныстырылды. Жоба авторларының айтуынша, жаңашылдықтың тиімділігі сол - құрылысты жобалауда қателікке жол берілмейді. Әрі тапсырыс берушілердің талаптары бірден ескеріледі. Оқу орны басшылары келесі жылдан бастап басқа факультеттерге де осы жобаны енгізбекші. Осы мақсатта 12 оқытушысын Финляндиядаға тәжірбие алмасуға жіберіп, білімін жетілдірген. Депутаттар бұл бастама жастарға үлкен мүмкіндік беретініне сенімді.  

Ержан ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

«Ғылым» деген алға өтіп кетті. Ол Батыста, басқа дамыған үлкен елдерде ол қазір 4, 5 деген қадамдарда. Бірақ енді осы жерде мүмкіндікті пайдаланып, жастарды 3D-мен үйретіп жатқанымыздың өзі ол азаматтарға, жастарға келешекте дамуға мүмкіндік береді. Одан кейін де мамандығын жетілдіруге толық мүмкіндік береді.

Ал, Атырау облысына іс сапармен барған мәжілісмендер ірі шаруашылықтың жұмысымен танысты. Төрт түлік малдан бөлек құс бағып, балық пен бал шаруашылығын да қатар дамытып отырған шаруашылық 800-ге жуық адамға жұмыс беріп отыр. Мұнда тек ешкі сүтінің өзінен 20 түрлі өнім әзірленеді. Көпсалалы шаруашылықта алманың 32 түрі өсіріледі. Оған қоса биыл шамамен 1 тонна лимон жинамақшы. «Атырау Агро Өнімдері» шаруашылығы сапалы азық-түлікпен де қамтып отыр.  

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Халықтың әл-ауқатының жақсы болуы, ең басты мәселе халықты қызметпен қамтамасыз ету керек. Міне осындай шаруа қожалықтарының арқасында облыстың көптеген елді-мекендерінде 90 -жылдардағы қиындықтар артта қалып, қазір адамдар табыс тауып жатыр, әрі өнім алып жатыр, әлі экология түзеліп жатыр.

Ал, Шымкентке келген депутаттар «Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында салынып жатқан «Бадам» өзеніндегі көпір құрылысымен танысты. Қаланың солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын өткелдің шаһар үшін маңызы жоғары. Қазір өзен суы көтерілуіне байланысты жұмыс уақытша тоқтап тұр. Дегенмен, мердігерлер көпірді жыл соңына дейін бітіреміз деп сендіріп отыр.

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл көпірдің енді ең бастысы шешілмей тұрған мәселесі қаржыландыру мәселесі аяғына дейін шешілмеді деп жатыр құрылысшылар, мердігерлер. Меніңше, ойлаймын, жергілікті билік өкілдері, әкімшілік үлкен назар аударса, үкіметке сұраныс жасаса біз депутаттар қолдауға әзірміз.

Мұнан соң депутаттар «Сәуле» мөлтек ауданындағы №76 мектептің қосымша құрылысымен танысты. Соңғы қоңырауда беру жоспарланған нысанның кемшін тұсын елеусіз қалдырмады. Соның бірі - бастауыштың балғындары отыратын орындықтар. Стандартқа сай келмейтінін айтқан депутат Әбдіманап Бектұрғанов мердігерге оларды ауыстыруды міндеттеді.

А. Төребекқызы