Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Еуроодаққа өз жеке әскерін құру керек-«РИА новости»

AstanaTV
03.05.2019ж. 20:00
2957
Еуроодаққа өз жеке әскерін құру керек-«РИА новости»

Еуроодаққа өз жеке әскерін құру керек. Осындай бастама Еуропарламентте көтерілді, деп жазды «РИА новости». Ұйымдағы либералдар фракциясының жетекшісі Ги Верховстадт Брюссельде АҚШ-қа үміттене бергенше өз қарулы күшімізді жасақтайық деген. Оның сөзінше, Еуроодақ қорғанысқа Ресейден көп қаржы жұмсайды, бірақ өз әскері жоқ. Елші мырза Еуропалық әскери күштер тек қағаз жүзінде ғана бар және ол мүлдем қолданылмайды деп отыр. Бұл проблема бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. 2018 жылдың күз айында да Еуропа қарулы күшін құру туралы бастаманы Франция Президенті Эммануель Макрон да айтқан. Германия канцлері Ангела Меркель де Еуроодаққа өз әскерін жасақтау керектігін ылғи еске салып жүр.