Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда соңғы 30 жылда қараусыз қалған веложарыс алаңы іске қосылды

AstanaTV
06.05.2019ж. 20:00
3895
Алматыда соңғы 30 жылда қараусыз қалған веложарыс алаңы іске қосылды

Алматыда соңғы 30 жылда іске алғысыз болып қалған велотрек қайта жұмыс істей бастады. Қаланың орталық мәдениет және демалыс саябағында Кеңес уақытында веложарыс алаңы сағызқарағайдан өріп жасалған. Тәуелсіздік жылдары қараусыз қалған спорт кешені енді велосипед сүйер қауымға есігін айқара ашты. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырған. Веложарыс алаңын ел игілігіне беру үшін 200 млн. теңге жұмсалған. Ол жай ғана велосипед тебетін орын емес памп-трек, дерт-парт және скейт-парт сияқты спорт түрлерінен жаттығатын кешен болмақ. Сайыстарды тамашалауға келетін көрермендер үшін 200 орын қарастырылған. Бір күнде 80-ге жуық спортшы жаттыға алады. Еркше спорт алаңын ашу үшін арнайы келген Ахметжан Есімов «Бұл жерден болашақ чемпиондар» даярланатын болады, дейді.  

Ахметжан ЕСІМОВ, «САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА» ҰӘА ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Жалпы еліміздің қай қаласында болмасын спортпен шұғылданатын адамдарға жағдай жасалып жатыр. Спорттық кешендер салына береді. Ал Алматыда бүгін ашылған велотрекке біз қаражат бердік. Сондықтан велосипед тебіңіздер, қуаныңыздар. Ең бастысы-спорттық нәтиже күтеміз. Сәттілік тілеймін!

Р. Асқарбекұлы