Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ұлттық банк төрағасы теңге нығаятынын болжады

AstanaTV
14.05.2019ж. 20:00
2516
Ұлттық банк төрағасы теңге нығаятынын болжады

Теңге нығаюы мүмкін. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осындай болжамымен бөлісті. Биыл мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 31 пайызға көтерілген. Ал Ресей рубльі 6 пайызға нығайды. Бұл бағамға әсер етуші негізгі факторлар. Жыл басталғалы долларға шаққандағы ұлттық валюта бағамы 1,2 пайызға нығайған. Қазақстан қор биржасының басшылығы да теңгенің құнсыздануына негіз жоқ деп отыр.  

Андрей ЦАЛЮК, ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Фундаменталды және өзгеде экономикалық факторларға қарайтын болсақ, қандайда да бір болжам жасауға немесе теңге құнсызданады деуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан осы айдың қортындысына қарап, жақын арада теңге бағамына қатысты өзгешеліктер болмайды, тұрақты жағдай сақталады деп айтқым келеді.

Ал KASE АҚШ-тың алпауыт компанияларының акцияларын мамыр айының соңына қарай сауда алаңына шығады деп болжайды. Қазақстан қор биржасы наурызда «Apple», «Starbucks», «Facebook» және «Microsoft» сияқты Америка компанияларының бағалы қағаздарын сатуға ниет білдірген болатын. Кейін олардың сапына «Кока Кола», «Тесла», «Форд», «Интел корпорейшн» және «Пфайзер» фармацевтикалық кәсіпорнының қарапайым акциялары қосылды. Бірақ олардың қазақстандық биржа ойыншылары үшін қашан қолжетімді болатыны белгісіз. 

Г. Меңдеева