Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

ҚР Президенттігіне үміткер А. Таспихов өндірісті өңірдегі сайлаушылармен кездесті

AstanaTV
15.05.2019ж. 20:00
1787
ҚР Президенттігіне үміткер А. Таспихов өндірісті өңірдегі сайлаушылармен кездесті

Еңбек қауіпсіздігі - адам өмірінің кепілі. Ел Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов сантехника құралдарын шығартын зауыт жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпоранда қазір 300-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірген өнім ішкі нарық пен ТМД елдеріне экспортталады. Ал негізгі міндет - еңбек адамына жағдай жасау. Өйткені қазір аймақтағы ауыр өндірісте жұмыс істейтіндер арасында жазатайым жағдай азаймай тұр. Үміткердің сайлауалды тұғырнамасының негізі - еңбек адамына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан Аманкелді Таспихов бірқатар кәсіпорындардың еңбеккерлерімен кездесу өткізді. 

АМАНКЕЛДІ ТАСПИХОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР :

Елмізде 1500 мыңнан астам адам жарақатқа ұшырайды. Мүгедек болып қалады. 200-дей адам жұмысқа кеткенен үйіне қайтып оралмайды. Соның бәрін алдын алу мақсатында үгіт-насихат жүргізу заңды түрде реттеу керек. Жұмыс берушілердің бұл мәселеде жауапкершілігін күшейту керек дейміз. Жұмыс берушілер бұл мәселеде көпшілік жағдайда жауап бермейді. Жеке келісім-шарт болу керек жұмысқа кіргенде. Ұжымдық шарт болу керек. Ұжымдық шарт болу үшін міндетті түрде кәсіподақ болу керек. Кәсіподақ арқылы қол қойып, жұмыскерлердің мүддесін коллективтік тұрғыда қорғау керек. 

Н. Біләл