Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ҚР Президенттігіне үміткер С.Түгел Щучинск қаласының тұрғындарымен кездесті

AstanaTV
15.05.2019ж. 20:00
3035
ҚР Президенттігіне үміткер С.Түгел Щучинск қаласының тұрғындарымен кездесті

«Ұлағатты ұрпақ - ұлттық ұстаным» Бүгін осындай тақырыппен Щучинск қаласында Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің шығармашылық кеші өтті. Көрмеден бастау алған жиында кандидаттың халыққа таныс «Қазанат», «Ертуған», «Бүркіт - ұлы даланың символы» секілді кітаптары да қойылды. Бүгінде ұлттық құндылықтарға негізделген 20-дан астам кітаптың авторы, жазушы, журналист әуелі жиылған жұртқа шығармашылығын таныстырып, кейіннен сайлауалды платформасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Айта кетсек, Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасында да ұлы дала мәдениетін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға басымдық берілген. 

Гүлім ҚҰДЫСБЕК, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ :

Біздің ұлттық кодымыз - ұлттық өнеріміз. Біз сонымен ерекшеленеміз. Кандидат Сәдібек Түгел ұлттық құндылықтарды ұлықтауға ерекше көңіл бөлген.

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Мәдениет біздің болмысымыз. Менің дәріптейтінім, айтып, жазып жүретінім осы ұлттық мәдениет. Ұлттық мәдениет дегенде өзіміздің өнерді айтамыз. Музыканы айтамыз, күйді айтамыз, домбыраны айтымыз.  

Ә. Өмірзақ