Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Д.Еспаеваның сайлауалды штабы Атырау қаласындағы «Рауан-Налко» кәсіпорнының ұжымымен кездесті

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
1843
Д.Еспаеваның сайлауалды штабы Атырау қаласындағы «Рауан-Налко» кәсіпорнының ұжымымен кездесті

Президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның сайлауалды штабы Атырау қаласындағы «Рауан-Налко» кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Серіктестікте өндірілетін химиялық реагенттер Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан мен Ресейге де шығарылады. Осындай жоғары технологияға негізделген өнеркәсіп орындары тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етеді, деді партия белсенділері. Сондықтан олардың дамуына ештеңе кедергі келтірмеуі тиіс. Дәния Еспаеваның сайлауалды штабының мүшелері мен сенімді өкілдері бизнес иелерін қолдау туралы кеңінен сөз қозғап, кандидаттың тұғырнамасын таныстырды. 

Әбілхан ТӨЛЕУІШОВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ ЖЕТЕКШІСІ :

Біздің еліміздегі парламенттік партия ретінде «Ақ жол» әркез біздің кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүйелі жұмыс атқарып келеді және бұл бағдарламадағы басты ерекшелік - банк жүйесіне түбірлі өзгеріс тек қана ұлттық банк, екінші деңгейлі банктердің бәрінде де реформалау жүйелерін қалыптастыру. Сонымен қатар, халыққа беретін несиелердің пайыздарын азайту, бұл да халыққа кәсіпкерлікті дамытуға тиімді болар еді.

Д. Қайыртай