Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Әрбір кәсіподақ ұйымы жанынан өндірістік кеңестер құрылуы керек

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
2511
Әрбір кәсіподақ ұйымы жанынан өндірістік кеңестер құрылуы керек

Әрбір кәсіподақ ұйымы жанынан өндірістік кеңестер құрылуы тиіс. Бұл жұмыс берушілердің еңбеккерлер алдындағы жауапкершілігін арттырады. Нәтижесінде өндірісте болатын жазатайым жағдайларың азаюына септігін тигізеді. Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың республикалық қоғамдық шатабында салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері өндірістік кеңес құрудың мән-жайын талықлады. Еңбек қауіпсіздігі сақталмағандықтан жыл сайын 1500 адам жұмыс орында жарақат алса, 200-ге жуық еңбеккер көз жұмады. Сондықтан еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін соңғы жылдары әрбір мекемеде өндірістік кеңестер құрылып жатыр. Бүгінде олардың саны 13 мыңға жуық. Еңбек қауіпсіздігі - нәтижелі жұмыстың кепілі. Сондықтан ел Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов сайлаушылармен кездесуде негізінен салалық кәсіподақ ұйымдарының қызметі жайлы ақпараттандыруда. 

Биахмет БІЛӘЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АВТОПАРКІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бізге кәсіподақ жұмысшыларға баспана алуға көмектеседі. Өйткені біздің автопарктерге жүргізушілер әр өңірден келеді. Тек баспана емес, мектепке дейінгі мекемелерге балаларын орналастыруға ықпал етеді. Бұл тұрғыда кәсіподақтан қолдау тауып келеміз. 

Н. Біләл