Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Букмекерлік кеңселерді жабу қажет, - ҚР Президенттігіне үміткер С.Түгел

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
2071
Букмекерлік кеңселерді жабу қажет, - ҚР Президенттігіне үміткер С.Түгел

Еліміздегі букмекерлік кеңселерді жауып, ұлттық ойындарды дамытуға ден қою қажет. «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға түскен кандидат Сәдібек Түгел осындай бастама көтерді. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған үміткер құмар ойындары қоғам үшін қауіпті дерт деп есептейді. Бүгінгі күні шағын деген Щучинск қаласында 3 осындай орталық бар. Үміткер оның орнына тоғызқұмалық, жамбы ату сынды ұлттық ойындарды дамытуға ден қоюды жөн көреді. Үміткердің сенімді өкілдері бүгін Ақкөл қаласында асық атудан турнир де өткізді. 

СӘДІБЕК ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Бұл бақсылар сияқты ғой. Алдаудың бір түрі. Адамның психологиясы құмарлыққа салынып кетеді. Осыдан ада болғанымыз дұрыс еді. Мен сондықтан жастарымызды, өскелең ұрпақты осыдан аулақ болыңдар. Оның қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда букмекерлік ойындар бізге керек емес. 

Ә. Өмірзақ