Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжарда Шерлок Холмстың тапаншасы табылды

AstanaTV
20.05.2019ж. 20:00
3000
Қызылжарда Шерлок Холмстың тапаншасы табылды

Қызылжарда Шерлок Холмстың тапаншасы табылды. Әйгілі детективтің қаруын қала тұрғыны орманнан тауып, полицейлерге тапсырған. XIX ғасырдың орта белінде пайдаланылған «Бульдог» тапаншасы британдық Артур Конан Дойлдың романдарында анық бейнеленген. Ондаған жылдар бойы жерде жатса да, металлдан жасалған қару жақсы сақталыпты. Алайда, ортасындағы бөлшегі-оқдәрісі жоқ. Тәртіп сақшылары халықтан қару-жарақты қабылдау акциясын тоғыз жыл бұрын қолға алған. Игі бастаманың аясында жыл сайын бұқарадан шамамен алты миллион теңгеге қару сатып алынады. Тек биылдың өзінде тұрғындар 100-ден астам мылтық тапсырған. Арасында Ұлы Отан соғысында пайдаланылған автоматтар да кездеседі. 

Әлішер ЖАРМАҒАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ :

Солтүстік қазақстандықтар полиция органдарына 105 қару тапсырды. Оның ішінде ойық ұңғылы және травматикалық тапаншалар бар. Мысалы, Библей тапаншасы. Біздің криминалистер бұл 1865 жылғы Библей системалық Бульдог тапаншасы екенін.

А. Құрманкин