Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Италиядағы жол апатынан 2 қазақстандық ауыр жарақат алды

AstanaTV
23.05.2019ж. 20:00
2552
Италиядағы жол апатынан 2 қазақстандық ауыр жарақат алды

Италияда апатқа ұшыраған автобуста 9 қазақстандық болған. Олардың екеуі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.  Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандық әйелдің екі қабырғасы мен бұғана сүйегі сынғанын айтады. Екі отандасымыз да Алматы қаласының тумасы. Аударылған автобуста барлығы 60 адам болған. Қалған азаматтар дәрігердің толық тексерісінен өтіп, қонақүйге жеткізілді. Жағдайды Италиядағы Қазақстан елшілігі бақылауға алған. Айбек Смадияровтың айтуынша қазақстандық туристер саяхаты 26 мамырда аяқталады. Бірақ ауруханада жатқан 2 азаматша толық жазылғанша сонда қалуы мүмкін. Туыстары бұл жағдайдан хабардар. 

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ :

Қазақстаннан бұларды бір туроператор апарған. Әрине әр қазақстандық туроператорлың Италияда өзінің серіктестері болады. Сол серіктестік компания егер ертең сол автобусты жалдаған болса, онда жауапкершілікті сол италияндық компания өзіне алады.

Еске салайық, кеше кешкісін Италияның Сиена провинциясында туристік автобус аударылып, Ресейдің бір азаматшасы қайтыс болды. 37 адам зардап шеккен. Мерт болған әйел Италияда гид болған көрінеді. Әзірге жол апатының себебі анықталған жоқ. Полиция тергеуді бастады. 

А. Бектас