Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Б. Рысқалиевтің шет елдегі шоттарында сақталған 100 млн доллардан артық қаражат тәркіленбек

AstanaTV
24.05.2019ж. 20:00
4521
Б. Рысқалиевтің шет елдегі шоттарында сақталған 100 млн доллардан артық қаражат тәркіленбек

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің шет елдегі шоттарында сақталған 100 млн доллардан артық қаражат тәркіленбек. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы айтты. Қайрат Сұнтаевтың сөзінше қашқын әкім мен оның туыстарының Андоррадағы банк шоттарында 14 млн, ал Швейцарияда 90 млн долларлары бар. 

Қайрат СҰНТАЕВ, ҚР МҚІСЖҚІА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Атырау облысы мен басқа да өңірлерде 170 жылжымайтын мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ, ағайынды Рысқалиевтерден заңсыз тапқан 12 млрд тг өндіріліп алынды. Мемлекетке тигізген зияны үшін 3 млрд тг өтеусіз алынды. 

Еске салайық, Бергей мен ағасы Аманжан Рысқалиев 2012 жылы Қазақстаннан қашып кетті. Экс-әкім 72 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған. Биыл қаңтар айында оған сырттай үкім шығарылып, 17 жылға Сотталды. Ал сәуір айында Бергей Рысқалиевтің Лондонда қыдырып жүрген видеосы интернетті шарлап кетті.  

Д. Қайыртай