Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстандықтар сәуір айында 840 млрд теңгеге сауда жасаған

AstanaTV
28.05.2019ж. 20:00
2468
Қазақстандықтар сәуір айында 840 млрд теңгеге сауда жасаған

Қазақстандықтар сәуір айында 840 миллиард теңгеге сауда жасаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13.5 пайызға жоғары, дейді Ranking.kz агенттігі. Әдеттегідей негізгі тұтынушылар еліміздің қос ірі қаласында. Алматылықтар 272, елордалықтар 94 миллиард теңге жұмсаған. Яғни жалпы айлық сауда көлемінің 43.8 пайызы. Бұл айда Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұтынушылар көбейсе, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе облысында керісінше төмендеген. Қазақстандықтар дүкендер, базарларда қалдырған ақшаларының үштен бір бөлігін азық-түлік алуға жұмсапты. Ол 286 млрд теңгеге жуық. Қалған қаражатқа тағамға жатпайтын заттар сатып алынған. Ал ауыл халқы 64,6 миллиард теңгеге сауда жасаған. Дегенмен бұл тек тіркелген сауда көлемі ғана. Сондай-ақ сәуір айында алкоголь мен темекі өнімдерінің бағасы бірден 9,8%, киім және аяқ киім 8,2% жоғарылаған.

Ә. Өмірзақ