Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Беларусь нарығына Қазақстан мұнайын экспорттау мәселесі тосыннан пайда болды - Ж.Сарабеков

AstanaTV
28.05.2019ж. 20:00
1912
Беларусь нарығына Қазақстан мұнайын экспорттау мәселесі тосыннан пайда болды - Ж.Сарабеков

Белоруссияға Қазақстан мұнайын экспорттау мәселесін қос ел басшысы Еуразия экономикалық кеңесінің аясында талқылауы мүмкін. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков біздің арна тілшісімен сұхбатында осылай деді. Айтуынша, бұл теориялық тұрғыдан мүмкін нәрсе. Себебі бұрынырақта екі ел арасында мұндай тәжірибе болған. Бірақ барлығы Ресей мен Беларусь арасындағы саяси қарым-қатынастың қалай дамитындығына байланысты болып отыр. "Егер екіжақты ушыққан мәселелер шешімін тапса, Беларусь олардан мұнай сатып алуын жалғастыра береді", - дейді сарапшы. Болмаса біздің ел шикізат ұсынуға дайын тұр.

Жұмабек САРАБЕКОВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Беларусь нарығына Қазақстан мұнайын экспорттау мәселесі бүгінгі таңда бір тосыннан пайда болып отыр. Себебі Ресей мен Беларусь арасында қарама-қайшылықтар күрт өсіп келеді және осы тұрғыда қарастыру керек бұл мәселені. Ресейден импорттайтын мұнайдың бағасы Қазақстан мұнайынан арзанырақ болып шығуы мүмкін. Сондықтан оған Беларусь тарапы дайын ба, артық ақша төлеуге дайын ба - ол да үлкен мәселе.

Ал бүгін Қазақстанға ат басын тіреген Александр Лукашенко Президентпен кездесті. Бұған дейін ол біздің елшімен кездесуде екіжақты қарым-қатынасты дамытудың басым бағыттары талқыланғанын айтқан.

Д. Қайыртай