Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Таразда игерусіз жатқан жер телімдері мемлекетке қайтарылып жатыр

AstanaTV
29.05.2019ж. 20:00
3279
Таразда игерусіз жатқан жер телімдері мемлекетке қайтарылып жатыр

Таразда игерусіз жатқан жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Жыл басында анықталғандай жеке тұрғын үй құрылысы үшін осыдан 4 жыл берілген 128 жер телімі кері қайтарылған. Жыл аяғына дейін тағы да 60-қа жуық жер учаскесі игерусіз қалу салдарынан жекеден алынбақ. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы арнамызға берген сұхбатында айтты.  

Нұржан ӘБІЛЕШОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

2014 жыл Тараз қаласының Көлтоған аумағынан 1232 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға берілген болатын. Соның 128-і осы жыл басындағы қаңтар, ақпан айында анықталып, қайтарылып, үлестірілуде. Сәуір айында жүргізілген мониторинг бойынша тағы да қосымша 58 жер телімі нақыталанды. Қазір осы қайтару бойынша құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Рәсімдегеннен кейін, кезекте тұрған адамдарға оларды да береміз.

Айта кетейік, қазір Тараз қаласы бойынша жер кезегінде тұрған 71 мың 232 адам бар. Оларға жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін телімдер Құмшағал, Шалғай Қарасу және Көлтоған аумағынан үлестірілмек. Бұл елді-мекендерде биыл жалпы аумағы 369 гектарды құрайтын 1579 жер учаскесі берілмек. Ал негізі жер телімдері 2005-2006 жылдары жер кезегіне тұрған тұрғындарға беріліп жатыр.

Д.Әлімқұл