Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ә.Қосановтың сайлауалды штабы Қостанай жұртшылығына үнпарақ таратты

AstanaTV
29.05.2019ж. 20:00
2215
Ә.Қосановтың сайлауалды штабы Қостанай жұртшылығына үнпарақ таратты

Аграрлық саланы жан-жақты өркендетіп, елдің экспорттық әлеуетін арттыру қажет. Сайлауалды тұғырнамасында бұл мәселеге кеңінен тоқталған кандидат Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері астық астанасы Қостанай қаласының жұртшылығымен кездесіп, үнпарақ таратты. Штаб мүшелерінен бөлек акцияға қосылған еркітілер де болды. Осылайша қаладан бөлек 20-ға жуық аудан тұрғындарымен жолығып, оларды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Айта кетсек, 1 апта бұрын кандидат Әміржан Қосановтың өзі де осы өлкеге барып, ауыл шарушылық тәжірибе станциясының ұжымымен кездескен болатын. Онда шаруалардың жұмысымен толық танысып, пікірін тыңдап, өзінің сайлауалды платформасын таныстырды.  

Серік САТМҰХАНБЕТОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Ә.ҚОСАНОВТЫҢ ӨҢІРЛІК САЙЛАУЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Район бойынша бізде 20-дай район бар. Сол жерлерде таратып жатырмыз. Жұмыстар істеліп жатыр. Қазір қараған кезде бәрі жақсы жүріп жатыр дейміз.

Ә.Өмірзақ