Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда жолдар мен әлеуметтік нысандарды салуға 4 жылда 258 млрд. теңге бөлінді

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
2043
Атырауда жолдар мен әлеуметтік нысандарды салуға 4 жылда  258 млрд. теңге бөлінді

Қарқынды құрылыс - аймақ ажары. Атырауда тек соңғы төрт жылда әлеуметтік нысандар құрылысына 258 млрд теңге бөлінді. Бой көтерген ғимараттар өңірдің әлеуметтік жағдайын алға жылжытып қана қоймай, көркіне көрік қосуда,- дейді тұрғындар. 

41 білім ордасы, 10 денсаулық сақтау ғимараты, 9 мәдениет үйі, 11 спорттық нысан. Одан бөлек 106 тұрғын үй. Бұл - Атырауда соңғы төрт жылда бой көтерген әлеуметтік нысандар. Оған шаһар маңындағы және аудан елді-мекендерінде төселген 815 шақырым жолды қосыңыз. Қарқынды құрылыс аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуда.  

Айбар ҒАНИҰЛЫ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Балабақшалар, үйлер бар, жастардың шығармашылық орталықтары бастау алып жатыр. Және осы қаламыздың ішіндегі, сыртындағы елді-мекендерідң жолдары жөнделіп, жол салынып, аяқ қолымыз ұзарып жатыр десек те болады. Өте қуаныштымыз.

Соңғы төрт жылда аймақта 255 жоба іске асты. Ал биыл тағы 104 әлеуметтік нысан үшін 127,3 млрд. теңге бөлінді,- дейді аймақ шенділері. 

Жақсылық ЖАНҰЗАҚОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бюджетті бөлудің негізгі басым бағыттары: білім беру, денсаулық, тұрғын үй және жолдар саласы. 2016 жылдан 2018 жылға дейін біздің облыста 14 мектеп пен 25 балабақша салынып тапсырылды. Бұл өңір үшін жақсы көрсеткіш. Осы салада проблемалық мәселелерді шешуде тағы биыл 25 білім беру нысанын салуға қосымша қаражат бөлінді.

Білім саласы нысандарынан өзге тұрмыстық қалдықтарды өңдеу қондырғыларын салу, тұрғындар үшін жаппай демалыс орындарын ашу, шалғай елді-мекендерге ауыз су мен газ тасымалын жүргізу де күн тәртібінде тұр. 

Б. Нәдірқызы