Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Аманат» азаматтық алаңы президент сайлауындағы жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелерін жария етті

AstanaTV
09.06.2019ж. 00:00
1704
«Аманат» азаматтық алаңы президент сайлауындағы жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелерін жария етті

«Аманат» азаматтық алаңының өкілдері президент сайлауында жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелерін жариялады. Сайлау кезінде аманаттықтарға 730 қоғамдық ұйым мен 16 мың азамат қолдау көрсетіпті. Бүгін олар заңбұзушылықтарды жіпке тізді. Сайлау учаскелерінің өкілдеріне 165 ауызша ескерту жасалған көрінеді. Заңбұзушылыққа жол бермеу мақсатында бұл кемшіліктер бірден түзетіліпті. Бірлестік өкілдері әлеуметтік желілерде кеңінен таралған ақпараттардың тексерілмегенін ескертіп отыр. 

Әкім ТҰРСҰН, «АМАНАТ» АЗАМАТТЫҚ АЛАҢЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі таңдағы провокациялық видеолардың көбіне көңіл бөлмеңіздер. Неге? Өйткені оның барлығы дәлелденуі керек. Бір мәселеге мән берсеңіздер, әлеуметтік желілерде жүрген көп видеолардың қай сайлау учаскесінде болып жатқаны айтылмайды. Кімнің заңбұзушылық жасағаны айтылмайды. Ол құжатпен көрсетіліп жатқан жоқ. Яғни ол жерде провокациялық мақсатта түсірілген деген ой келеді. Кей видеоларды қарасаңыз, ол сайлауға дейін түсірілген видео болуы мүмкін.

Сонымен қатар сайлау бюллетеньдерінің құжаты жоқ азаматтарға берілуі, дауыс беру кабинасына бірнеше адамның кіруі секілді деректер кездескен. "Аманат" мүшелері мұны сайлаушылардың құқықтық сауатының төмендігімен байланыстырады. Тәуелсіз байқаушылар кейбірі бюллетеньге ұқсас қағазды алдын-ала толтырып әкеліп, сайлау жәшігіне тастап, жұрт назарын өзіне аударуға тырысқан. Осылайша дау туғызуға тырысқаны анықталыпты.

А. Сейфулла