Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

EXIT POLL мәліметі бойынша Президент сайлауында Қ. Тоқаев алда келеді

AstanaTV
09.06.2019ж. 00:00
5790
EXIT POLL мәліметі бойынша Президент сайлауында Қ. Тоқаев алда келеді

Қазір Орталық коммуникацуиялар қызметі алаңында экзит полл нәтижесі жарияланып жатыр. Тілшіміз Абай Сейфулла студиямен тікелей байланыста. Абай, қандай да бір ақпарат біле алдыңыз ба? 

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Иә, Оксана, қазір Орталық коммуникациялар қызметінде кезектен тыс Президент сайлауының экзит пол нәтижелеріне байланысты брифинг өтіп жатыр. Қоғамдық пікір институтының Кеңес Төрайымы Айнұр Мәжитова экзит полл қорытындысын жариялап жатыр. Аталған ұйым еліміздегі сайлау учаскелерері ашылған сәттен бастап әлеуметтік сауалнама жүргізген. Оған институттың 300-ге қызметкер қатысып, 13 000 ға жуық сайлаушыдан кімге дауыс бергені туралы сұраған. Айта кету кету керек - exit poll нәтижесі нақты қорытынды емес, алдын ала болжам. Ал берілген дауыстар ертеңгі сағат кешкі 8-ге дейін саналып бітеді. Шын жеңімпаздың есімі осы ресми ақпараттан кейін ғана белгілі болады. 

А. Сейфулла