Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент сайлауында Қ. Тоқаев дауыс берушілердің 70,76 пайыз дауысын иеленді - ҚР ОСК

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
4227
Президент сайлауында Қ. Тоқаев дауыс берушілердің 70,76 пайыз дауысын иеленді - ҚР ОСК

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауына қатысты соңғы мәліметті жариялауы тиіс. Әзірге брифингтің саған нешеде болатыны белгісіз. Мүмкін болса тілшілеріміз телефон арқылы байланысқа шығатын болады. Ал бұған дейінгі алдын ала болжам бойынша Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берушілердің 70,76 пайыз дауысын иеленді. Сайлаушылардың сеніміне ие болған екінші кандидат Әміржан Қосанов. 16,02 пайыз. Дания Еспева 5,2 пайыз жинаған. Төлеутай Рахымбековті сайлаушылардың 3,2 пайызы, Амангелді Таспиховты 2,07 проценті қолдаған. Жамбыл Ахметбековке 1,83 пайыз дауыс берсе, тізім соңында 0,92 пайызбен Сәді- Бек Түгел тұр. Саяси науқанға елдегі дауыс беруге құқылы болған 12 миллионға жуық адамның 77,4 пайызы қатысқан. Оның ішінде 12 мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал сайлауға алғаш рет қатысқандар саны 160 мыңнан асып жығылады.

Берік ИМАШЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

9 968 сайлау учаскісінде оның ішінде шетелдік учаскілерде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлуы өтті. Дауыс беру барысын өткізу кезінде байқауға 1000-нан астам шет мемлекеттердің байқаушылары, 40 мыңнан астам ұлттық байқаушылар қатысты. Бақылау тарапынан бізде осындай қызығушылықпен қатысу бұл алғашқы сайлау деп айтуға болады. 

Н. Біләл