Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда заңсыз тауар тасымалына қарсы күрес күшейтілді

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
2196
Оралда заңсыз тауар тасымалына қарсы күрес күшейтілді

Батыс Қазақстан облысында заңсыз тауар тасымалына қарсы күрес күшейді. Өткен үш айдың ішінде мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағынан заңсыз шығарылып жатқан жүктің жолын кесіпті. Жаңа талаптарға сай, енді шекарадан өткізілетін барлық тауарда жіберуші және қабылдаушы тараптардың деректері ақпараттық базада көрсетілуі тиіс. Осылайша «Сырым» шекара бекетінде тоқтатылған 15 жүк көлігі тауарымен бірге келген жағына кері қайтарылды. Өйткені жүк иелері әлдеқашан жабылып қалған фирмалардың құжатын көрсеткен. Осылайша ешбірі салық төлемеген. Облыс бойынша 2 мыңнан астам жүк көлігі тоқтатылса, ел аумағындағы көрсеткіш бұдан да көп. Көп жағдайда тауардың қожайындары табылмай жатады. Енді жаңа шешімге сай, тиісті құжаты жоқ тауар шекарадан өткізілмейді. 

Исатай НЫСАНБАЕВ, БҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Қаңтар мен наурыз айлары аралығында өткізілген 6184 көліктің 2408-інің иесі жоқ. Жүкті жіберушілер мен қабылдап алушылардың тіркеу нөмірлері табылмады, әрі тиісті құжаты жоқ. Енді бірі әлдеқашан жабылып қалған кәсіпорындарға жолданыпты.

Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттауға тыйым салынған тауарды өткізбек болған 74 фактіні әшкерелеген. Оның 69-ы - түсті металл, дизельдік отын, макулатура мен мал терілері. Бұл жүк елдің басқа облыстары арқылы Ресейге жолданған.

Е. Карин