Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Дәрі рецептісін 3 жыл бойы сақтау шағын бизнестің жабылуына әкеліп соғуы мүмкін

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
2135
Дәрі рецептісін 3 жыл бойы сақтау шағын бизнестің жабылуына әкеліп соғуы мүмкін

Дәріханаларға енгізілген жаңашылдықтар шағын бизнестің жабылуына әкеліп соғуы мүмкін. Қазақстан кәсіпкерлер және сервистік қызметтер қауымдастығының презенденті Ермек Әбілдин осылай деді. Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалар дәрілерді рецептпен босатуы, ал рецепт жазылған қағаздар 3 жылға дейін сақтауы қажет деген жаңа ереже енгізген еді. Ол жаңашылдық биыл мамырда күшіне енген болатын. Алайда бұл науқанға дәріханалар дайын болмай шықты.   

Ермек ӘБІЛДИН, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл шағын бизнестің жабылуына әкеліп соғады. Жемқорлыққа жол ашады. Мысалы, Фармацевтикалық қадағалау комитетінің өкілдері 2021 жылы тексеруге келіп, 2019 жылы жиналған рецептілер қайда деуі мүмкін ғой. Ал, лицензиясынан айырылғысы келмеген дәріхана қожайындары олармен келісуге мәжбүр болады.

Оған қоса емхана дәрігерлері әлі күнге дейін электронды рецепт жазуды меңгермеген. Сондықтан қарағандылық дәріхана қожайындары денсаулық министрлігінен бұл ережеге мараторий жариялауды сұрайды. Фармацевтердің есебінше, күн сайын әр дәріханаға шамамен 200-300 адам рецепті бойынша дәрі алуға келеді. Оның үстіне бір науқасқа бірнеше рецепт беріледі. Ал елде 6 мыңнан астам препарат тек қана дәрігердің ұсынысымен қабылданатынын ескерсек, дәріханалар 3 жыл бойы млн-даған қағазды сақтауы тиіс. Оның үстіне ақ халаттылар науқастарға рецептінің өзін дұрыс жазбайтын көрінеді. Соған қарамастан фармацевтар нұсқау қағазды сақтамаса, не қате жазылған рецептіні қабылдаса, 130-дан 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ал, жағдай екінші рет қайталанса, лицензияларынан айырылады.

А. Қуаш