Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Birge» акциясы: халықтан 500 мыңнан аса өтініш түсті

AstanaTV
11.06.2019ж. 20:00
2174
«Birge» акциясы: халықтан 500 мыңнан аса өтініш түсті

Сайлау науқаны барысында Nur Otan партиясы бастаған «Birge» акциясы арқылы халықтан 500 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Бұл туралы партия хатшысы Фархад Қуанғанов мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған сайлауалды науқан республикалық қоғамдық штабтың ұйымдастыруымен 13 мамыр мен 7 маусым аралығында өтті. Ел бойынша азаматтар жергілікті жердегі қоғамдық штабқа ұсыныс-пікір қалдырған. Басым бөлігі әлеуметтік салаға қатысты. Тұрғындар баспана, жол мәселесі мен жұмыссыздық жайын шешіп беруді сұрайды. 

Фархад ҚУАНҒАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда өтініштің көпшілігі өз шешімін тапты. Бұл іспен партия орталық аппаратының сарапшылар тобы айналысып жатыр. Ұсыныстың барлығы бақылауға алынады. Мемлекеттік органдар жұмысына қатысты мәселе жауаптыларға жолданады. Ал сайлауалды тұғырнамаға қатысы бар ұсыныстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс бағдарламасында көрсетіледі.

Бақтыбай ӘЛІПОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл акция барысындағы ұсыныс-тілектерді жинақтаған біздің белсенділеріміз бен кандидаттың сенімді өкілдері болды. Бүгінгі таңға 40 мыңға жуық ұсыныс-тілектер жинақталынып, кандидаттың жеке сайтына енгізілді.

А. Бектас