Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралдық тәртіп сақшылары төбелескендері үшін қызметтен қуылмақ

AstanaTV
12.06.2019ж. 20:00
2560
Оралдық тәртіп сақшылары төбелескендері үшін қызметтен қуылмақ

Оралдық тәртіп сақшыларын төбелескендері үшін қызметтен қуылуы мүмкін. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қала ортасында екі полицей ерігісіп қалған. Көшеде кетіп бара жатқан куәгерлер HyundaiTucson автокөлігінің ішінде жаға жыртысқан қос полицейді телефонға түсіріп алыпты. Тәртіп сақшысының бірі қарсыласқан қызметтесінің суық қаруын көпшіліктің көзінше көрсетпеуге әрекеттенген. Департамент өкілдерінің айтуларынша, автокөлік салонындағы азаматтық киімдегі бірнеше адам шендіге қарсы күш көрсеткен.  

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Зерделеу барысында ол Орал қаласы полиция басқармасының қызметкері екендігі және жанындағы азаматтық киімдегі 3 адамның біреуі полиция полиция қызметкері екені анықталды. Олар өзара келіспеу, сөзге келіп қалуы салдарынан бір-бірен қол жұмсап, қоғамдық резонанс туғызды. Бүгінгі таңда бұл бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұл тәртіп сақшыларының төбелесі Батыс Қазақстан облысындағы бірінші жағдай емес. Бірнеше ай бұрын арнайы қауіпсіздік қызметкері жауласқан өзінің командирін атып өлтірген еді. Ол сәуірде бұл қылмысы үшін 13 жылға сотталды.

Д. Әлімқұл