Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қ.Тоқаев - Президенттікке үміткер ретінде сайлауалды бағдарламасында көрсеткен барлық тапсырмаларын жүзеге асырады, - «Мирас» қоғамдық кеңесі

AstanaTV
12.06.2019ж. 20:00
2001
Қ.Тоқаев - Президенттікке үміткер ретінде сайлауалды бағдарламасында көрсеткен барлық тапсырмаларын жүзеге асырады, - «Мирас» қоғамдық кеңесі

Қасым-Жомарт Тоқаев - Президенттікке үміткер ретінде сайлауалды бағдарламасында көрсеткен барлық тапсырмаларын жүзеге асыра алады. Мұндай пікірді «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Уәлихан Қалижанов Алматыда сайлау қорытындылары талқыланған жиында айтты. Оның пікірінше, жаңадан сайланған Президенттің саясаттағы тәржірбиесі елдегі ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, бүгінгі таңдағы күн тәртібінде тұрған барлық өзекті мәселелерді шешуге жетеді.  

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, «МИРАС» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қасым-Жомарт Кемелұлы айтты - мен барлық кандидаттардың бағдарламасындағы іргелі ұсыныстардың бәрін екшеп, болашақта оны пайдалануға мүмкіндік табуға тырысамын деді. Яғни, бұл не деген сөз - бұл тек қана мен жеңдім, менің бағдарламаммен өмір сүреміз деген сөз емес, яғни қоғамдық ойды, қоғамда піскен ойды жетілдіріп, ары қарай даму жолында боламыз деген сөз.

Ө. Қуанар