Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жапония Ираннан мұнай сатып ала беруге ынталы

AstanaTV
13.06.2019ж. 20:00
2012
Жапония Ираннан мұнай сатып ала беруге ынталы

Жапония Ираннан мұнай сатып ала беруге ынталы. Иран президенті Хасан Рухани Жапония премьер-министрі Абэ Синдзомен кездесуінен кейін осылай мәлімдеді. Өздері де Токионың бұл қадамын қолдайтынын білдірді. Оның үстіне АҚШ-тың Иранға қысымы бәсеңдеп, елдегі ахуал былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір жақсарды - деді Хасан Рухани. Айта кетейік, Құрама штаттарда билікке республикашыл Дональд Трамп келгелі Иранға қатысты санкциялар режимі қайта қолданыла бастаған. Ресми Вашингтон Бірлескен әрекетті жан-жақты қамтитын келіссөзден де шыққан болатын. 

Хасан РУХАНИ, ИРАН ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Жапонияның Иран мұнайын сатып алуға және қаржылық байланысымызды реттеуге деген ниетін қолдаймын. Бұл екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға септеседі. Ал егер бізге қарсы соғыс ашылса, біз қорғануға дайынбыз. Премьер-министрдің Бірлескен жоспарды қолдайтыны және ядролық келісімнің маңыздылығы туралы мәлімдемесі қуантады.

Д. Қайыртай