Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Билік естіді. Жұмыс істейміз». Митингілер жайлы

AstanaTV
15.06.2019ж. 20:00
2457
«Билік естіді. Жұмыс істейміз». Митингілер жайлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Euronews телеарнасы интервью алыпты, сонда өткен митингілер жайлы сұрақ қойылған. Сұраққа былай жауап берген: «Наразылар әлеуметтік мәселелер бойынша талаптар қойды. Мәселелер барын жоққа шығармаймын. Халық кедейленді. Олар биліктен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді талап етеді. Билік естіді. Жұмыс істейміз»

 Сонымен бірге Президент митинг кезінде ұсталғандар арасында қоғамдық тәртіпке қауіп төндірмеген адамдар да болғанын, олар жақын уақытта босатылатынын жеткізді. Рас, «Шаш ал десе бас алуға» дәлел - Алматы полициясы қаладағы Астана алаңынан велосипедпен өтіп бара жатқанда ұсталған Арман Абдуллаханов есімді азаматтан кешірім сұрады. Кешірімді 13 маусымда Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың өзі сұрады.

«Үш бала тәрбиелеп отырған жалғызілікті әке, жаттықтырушы Арман Абдуллахановтан кешірім сұрадық...» деген Күдебаев. 10 маусымда полиция Алматыдағы Астана алаңы арқылы өтпек болған Арман Абдуллахановты велосипедінен күштеп түсіріп, көлікке салып алып кеткен болатын. Нұрсұлтан Біләл жалғастырады.

- Жека, қайтсайшы бар үйге!

Жека сияқты мыдаған адам бұл күні үйлеріне қайтпады. Қазақстанның бірнеше қаласында митинг өтті. Бірақ олардың талабын билік естіді ме? Халық не үшін ашулы, ыза қайдан келді? Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, төңкеріс пен революция, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды деген ұғым бар. Содан болар Қазақстанда митинг өтті деп әлемдік БАҚ бұрқ ете қалды. Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнсіз қалған жоқ. Шетелдік журналистер сұрағына ашық жауап берді. Ол басты проблема тұрмыстық жағдайдың нашарлауы, кедейлік деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Это требования социального характера. Я не отрицаю, что эти вопросы существуют. В основном они исходят из того, что люди обеднели. Они требуют от правительства решения их насущных социально-экономических проблем. Власть услышала. И мы будем работать.

Мемлекет басшысы көшеге шыққандардың талаптары қазір сарапталып жатыр деп, елде шешілмеген әлеуметтік мәселелер барын мойындады. Ал митинг күні жазықсыз қамауға алынғандар шұғыл босатылатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мне доложили что есть там люди которые попали просто случайно. Перед ними конечно мы извинимся, быстро выпустим. Это проблема будет решена.

Сонымен, наразылық акцияларына қатысқан мыңға жуық адамды сот жазалады. Нақтырақ айтсақ 957 азамат. Олардың 670-і қамалып, 115-іне айыппұл салынған. Шеруге қатысқан 200-дей адамға ескерту берілген. Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейсіов мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, митингке қатысқандарға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған.

Сапарбек Нұрпейісов, ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы: 

Қадағалау өкілеттілігі аясында прокурорлар жасаған әрекетінің заңсыз екенін түсінген, жеке басын, отбасылық және басқа да мән-жайларды ескере отырып, соттарға 311 тұлғаға қатысты олардың қамақтан алу мерзімдерін төмендету жөнінде аппеляциялық өтініш хаттар келтірді. Сот қолдады. Олар босатылды.

Алматыда қызметтік бабымен шеруде жүрген бір журналисттің қолы қайрылып, қамаққа алынған еді. Көп ұзамай ол да босатылды. Дене жарақатын алған тілші алдында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев кешірім сұрады.  

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары: 

Журналист түнде баспасөз өкілі екенін білдіретін белгілерінсіз жүріп, тәртіпсіздікті күшпен тоқтату кезінде оқиға ошағына тым қатты жақындап кеткен. Бейджигі жоқ, арнайы жилеті жоқ, сондықтан шынымен полицейлер оны ұстап әкеткен. Кім екені кейін анықталып, босатылды. Мен Ішкі істер министрлігі атынан осы оқиға үшін кешірім сұраймын.

Қамаққа алу мерзімінің өтуіне байланысты 63 адам бейсенбіде бостандыққа шықты. Жұмадағы мәліметтер бойынша қабылдау орындарында 180 адам отыр. 100 адам Алматы қаласында, қалған 80-і Нұр-Сұлтанда қамауда болған. Бірақ бас қалада ұсталғандардың көбі Қарағанды мен Ақмола облысының жазалау орындарына жөнелтіліпті. Жауаптылар бұл шешімді былай түсіндірді. 

-Получается в столице не хватило мест для задержанных? 

-Почему не хватило?! В столице достаточно мест.

-а почему адмарест до 10 суток то их вывозят непонятно куда?

-Чтобы не создовать скученности мы сами определяем место где они будут отбыват вынесенное судом решение.

«Азаттықтың» ақпараты бойынша Нұр-Сұлтанда ұсталып, Шахтинскіде қамалғандар босап шыға бастады. Изоляторға тоғытылған 51 адамның барлығы бейсінбіде бостандыққа жіберілген. Дегенмен өзге шаһарлардың тар қапасында отырғандар бар. Кей ұсталғандарға сот 15 күнге дейін үкім кескен.   

Сапарбек Нұрпейісов, ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы: 

Шағым түскен кезде, тікелей сотқа да түсіре алады, қамауда отырғандар. Прокуратура органдары арқылы да немесе өздерінің қорғаушылары арқылы да түсіре алады. Бір тәулікте қаралады, қамауда жатқандарға байланысты. Әрине, қамауда отырған адамдардың мерзімін қысқарту заңда мүмкіншілік берілген.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттік арналардың біріне берген сұхбатында Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелеріне жүздеген наразылық білдірушінің шығуын әдеттен тыс жағдай деп қарауға болмайды", - деді.  

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

"Бұл қалыпты жағдай. Қорқатындай ештеңе болған жоқ. Біз бәріміз сайлау деген қоғамның барлық қатпарының саяси белсенділігін көрсететін катализатор екенін түсінуіміз керек. Президентті таңдау арқылы адамдар өз болашағын таңдайды. Сондықтан да олар сайлау нәтижесіне немқұрайлы қарай алмайды. Осы энергия көбінесе дауыс беру нәтижесі жарияланғаннан кейін эмоциялар туғызып, пикеттер мен шеруге ұласып жатады".

Оның айтуынша, наразылық акциялары бүкіл елде болып жатады. Министр мысал ретінде Ресей, Франция, Түркия, АҚШ және Латын Америка елдерін атады. Түптеп келгенде қарсы болу, талап қою митингісі деген қорқынышты дүние емес. Әңгіме оған деген реакцияда шығар. Бар мәселе, бар түйткіл бір сәтте, барлық уақытқа шешілмейді. Демек митинг өткізу мәдениеті, оған деген реакция мәдениеті де қалыптасар. Солай болады да. Ал асылы - негізгі, басты тақырыптарға байланысты митинг өткізуге жеткізбеген. Халықтың үндемей отырмайтынын түсінетін сәт. Түсінетінін биліктің дәлелдейтін уақыты - біздің уақыт.

Нұрсұлтан Біләл "Біздің уақыт"