Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда үшті-күйлі жоғалған әйелдің денесі табылды

AstanaTV
17.06.2019ж. 20:00
2845
Алматыда үшті-күйлі жоғалған әйелдің денесі табылды

Алматы облысында үш аптадан бері үшті-күйлі жоғалған әйелдің денесі табылды. 40 жастағы Батура Мамедованың өліміне күдікті ретінде ерлі-зайыптылар қамауға алыныпты. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Көкқайнар ауылының тұрғыны сұлулық салонында косметолог болып жұмыс істеген. Ол сол күні жұмыстан шығып үйіне такси тоқтатып мінген. Осыдан соң оны көрген жан болмаған. Оны тонап, өлтірді деген күдіктілер де анықталған. Тергеу әлі жүргізіліп жатыр, деді полиция.

Көбейхан НҰРАХМЕТ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазір осы іске қатысы бар деген айыппен екі адам уақытша қамауға алынды. Олар ер мен әйел адам. Іздестіру шаралары барысында әйелдің тонаудың құрбаны болуы мүмкін деген болжам қарастырылды.

Еске салсақ, марқұмның туыстары әлеуметтік желіде іздеу жариялап, оның мойнында қымбат алтын алқасы мен сөмкесінде қомақты қаражаты жүретінін айтқан еді. Олар туыстары қылмыскерлердің құрбаны болды ма деп алаңдаған болатын. Айта кетейік, марқұмның артында кәмелет жасына толмаған екі қызы қалды.