Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстандықтар доллар сатып алып жатыр

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
1959
Қазақстандықтар доллар сатып алып жатыр

Қазақстандықтар доллар сатып алып жатыр. Биылғы жылдың 5 айында 555 миллиард теңгеден астам көкқағаз сатылған. Бұл былтырғыдан 78 пайызға көп. Тек мамыр айында АҚШ ақшасының 200 миллиард теңгеге жуығы саудаланыпты. Доллар сатып алушылар барлық аймақта көбейген. Дегенмен айтарлықтай соммамен алматылықтар көш бастап тұр. 555 миллиард теңгенің 217 млрд теңгесін алматылықтар сатып алған. Шымкент пен Атырау тұрғындары да үштікте. Мамырда мұнайдың арзандауынан доллар төмендеген еді. 1 доллар 380 теңгеге түсті. Көкқағаз сатып алу тренді маусымда да жалғасты. 

Г. Меңдеева