Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Нұр-Сұлтанда бір басында 67 пәтері бар қожайын тұрады

AstanaTV
04.07.2019ж. 20:00
3544
Нұр-Сұлтанда бір басында 67 пәтері бар қожайын тұрады

Астанада бір басында 67 пәтері бар қожайын тұрады. Оның 65 үйі бір тұрғын үй кешенінде. Мемлекеттік кірістер департаменті бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Салықшылар көлеңкелі бизнеспен күресті күшейтті. Заңсыз пәтерді жалға берумен айналысатындарды қандай жаза күтіп тұр? Нұрсұлтан Біләл жалғастырады.

Әр қаланың өз «жетім бұрышы» бар. Ал Нұр-Сұлтанда заңсыз жалға берілетін пәтерлер көбіне вокзал маңында, мұнда қолдарындағы бір бума кілтті айналдыра клиент іздейтіндер көп. Олар маусым талғамастан, түннің қай мезгілінде болсын, пәтер іздеп шарқ ұрған жандарға белгіленген ставка бойынша үйді жалға беруге жалма-жан дайын. Алайда олар заңсыз жұмыс істейді. Клиент тауып, ақысын алса болды. Осылай табыс тауып, салықтан жалтарғандар мыңдап саналады.  

Арнұр МАХАНОВ, УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР:  

Біздің тізім бойынша салық басқармасына жіберген мәлімет бойынша біздің анықтаған ақпаратқа қатысты бізідң ауданнан 1278 пәтер анықтыалды. Ол туралы ақпратты салық басқармасына жібердік. Түбейгейлі тағы да тексерістер жүргізу үшін.

Бұл тек елорданың бір-ақ ауданында жүргізілген рейдтің қортындысы. Ауданның тұрақты тұрғындары түнде мазалары қашатынын айтады. Жалға берілетін пәтерлерде айқай-шу, құлақты жейтін қатты музыка үзілмейді.  

- Тура төбемізде жын-ойнақ. Түнгі сағат 11-12-лер шамасында басталады. Қатты музыка ойнап тұрады. Бұл пәтердің жалға берілгені пәле болды. Өміріміз кәдімгі тозаққа айналды десем де болады. Бұл не масқара екенін білмейміз. Шағым айтпаған жер қалмады.

Ал көрші үйде сылқымдар жиыны. «Түнгі көбелектер» притонға айналдырып алған жалдамалы пәтер. Мұнда әр жерден келіп 24 сағат бойы клиент күтіп телміргендер.  

- Қай жақтан келдіңіз?  

- Қытайдан. 

Жылжымайтын мүлкін заңсыз жалға бергендер жауапқа тартылады. Ал өткен жылдан бастап жеке тұлғалардың да, сондай-ақ заңды тұлғалардың да дара кәсіпкер ретінде тіркелместен жылжымайтын мүлкін «жалға» беруге құқығы бар. Тек салық органына барып немесе онлайн хабарлама жолдауы тиіс. Егер бұл шарттарды орындамаған жағдайда айппұл салынады.  

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:   

Тәжірбеде қазіргі таңда бірінші ескерту жасалады. Бірақта екінші рет сондай мәселемен ұсталып жатқан кезде яғни жеке тұлғаларға 15 АЕК көлеміндегі айппұл қарастырылған.

Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде пәтерді заңсыз жалға берушілерді анықтау жұмыстарын күшейтіп жатыр. Жақында ғана олар бір адамның басына 67 пәтер тіркелгенін анықтады.  

Әлібек АБДИЛОВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Елорда тұрғынының 67 пәтері бойынша анықталған факті. Бұл бағыт бойынша әлі де анықтау жұмыстарын жүргізудеміз. Алдағы уақытта бұл азаматтың пәтерлерінің жалға берілгені анықталатын болса, оған алдағы уақытта жеке кәсіпкерлікті яғни дара кәсіпкерлікті ашу жөнінде нұсқаулық беріледі және Әкімшілік кодекстің белгілі баптары бойынша шаралар қолданылады.

Биылғы жылдың 5 айында жүргізілген жұмыс кезінде дара кәсіпкер ретінде 7 403 жеке тұлға тіркелді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22%-ға көп. Қазынаға түскен қаражат 7 миллион теңгеден асқан. Алдағы уақытта көлеңкелі бизнеспен күрес күшеймесе, бәсеңдемейді.   

Н. Біләл