Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда өндірілген электромобильдер Тесла өнімдерінен 1,5 есе қымбат

AstanaTV
10.07.2019ж. 20:00
1749
Қазақстанда өндірілген электромобильдер Тесла өнімдерінен 1,5 есе қымбат

Қазақстанда өндірілген электромобильдер "Тесла" өнімдерінен бір жарым есе қымбат. Қазір отандық компаниялар бағаны түсіруге ниетті. {КСМ} Бұл туралы Үкіметтегі пресс-конференцияда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мәлімдеді. Айтуынша бүгінге дейін республикада 30 электромобиль шығарылса, оның жетеуі сатылған. Елде 200-ден аса адам батарейкалы көлікпен жүреді. Экологиялық таза көлік бағасы аккумуляторына тікелей байланысты. Сондықтан қазақстандық ғалымдар оның баламасын жасауға әрекеттеніп жатқан көрінеді.

Аманияз ЕРЖАНОВ, ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір әлемде электромобиль өндірісі бойынша Тесла бірінші орында. Олар аталған көліктің үшінші буынын шығарып үлгерді. Бағасы шамамен 28 мың доллар. Автоөндірушілеріміз бүгінде Тесла тәжірибесін зерттеп жатыр. Қазақстандық батареяларды шығаруға талпынады. Зерттеу институттарына осыған қатысты тапсырма берілді.

А. Сейфулла