Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Келер жылдың көктемінде Маңғыстауда онкоорталық салынады

AstanaTV
10.07.2019ж. 20:00
2279
Келер жылдың көктемінде Маңғыстауда онкоорталық салынады

Келер жылдың көктемінде Маңғыстауда онкологиялық орталық пайдалануға берілмек. Қаржы тапшылығы мен құрылыс компанияларының банкрот болуына байланысты бұл нысанның құрылысы он жылға созылған еді. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек онкоорталыққа арнайы барды. Қаржы табылғанын айтқан құрылысшылар емдеу мекемесін келер жылдың көктеміне дейін салып бітіруге уәде берді. 

Қолжетімді баспана әлі атына заты сай болмай тұр. Сондықтан "Nur Otan" кезінде Елбасы ұсынған "7-20-25" бағдарламасына қолдау көрсетпек. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің сөзінше, елдің әр азаматына лайықты жағдай жасалуы тиіс. Демек, ешкімнің өтініші ескерусіз қалмайды. Қиын жағдайда бір кісідей жұмылып, мәселені уақытылы шешу керек. Енді партия қатары осы талапқа сай келмегендерден тазартылады.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Әрбір келіп түскен өтініш міндетті түрде тіркеліп, өтініш толық шешілмейінше, қатаң бақылауда болуы тиіс. Сондықтан әкімнен бастап, барлық деңгейдегі әкімдер, басқарма төрағалары, керек болса құқыққорғау органдарының басшылары біздің қабылдау бөлмесіне келіп, халықты қабылдауы керек. Бірінші басшы партияның қабылдау бөлмесіне келмесе, одан бас тартса - партия қатарынан шығарамыз.

Енді «Nur Otan» партиясының маңғыстаулық филиалына облыс әкімі Серікбай Тұрымов басшылық етпек. Жаңа төрағаны Бауыржан Байбек таныстырды. 

Бұдан кейін Бауыржан Байбек онкологиялық орталыққа барды. Бұл ғимараттың құрылысы осыдан он жыл бұрын басталған. Бірде қаржы табылмай, енді бірде құрылыс компаниясы банкрот болып, құрылысы ұзаққа созылды. Дегенмен инвестор табылып, жүз орындық емдеу мекемесі алдағы көктемде салынып бітеді. Жоба құны жеті миллиард теңгеден асады. 

Маңғыстау облысындағы партияның қоғамдық қабылдауына түскен әрбір бесінші өтініш жұмыспен қамту және азаматтардың еңбек құқығының бұзылуына қатысты. Сондықтан кәсіподақтар мен кәсіпорын басшыларымен жұмысты күшейту керек, деді Бауыржан Байбек. Ол партиялық жобаларды іске асыруға күш салу керектігіне де тоқталды. Бұл мәселе барлық жерде ашық айтылуы тиіс. Әрі шешімі қиын мәселелер жабық күйінде қалмауы керек. Облыс әкімі партиялық жобаларды тиянақты орындайтынына сендірді. 

Е. Карин