Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жарияланды

AstanaTV
15.07.2019ж. 20:00
2346
Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жарияланды

Арыстағы жарылыстан кейін Президент Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады. Қасым Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ведомство жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Қару-жарақ қоймасындағы жағдайға министрліктің жүйелі кемшілігі мен бақылау әлсіздігі себеп деп отыр. Қазір арнайы комиссия бұл істі тергеу үстінде. Президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесі 10 тамызға дейін барлық кінәлі тұлғаны қатаң жазалау туралы ұсыныс енгізеді. Қасым-Жомарт Тоқаев арсеналға жақын жерге үй салуға рұқсат берген мемлекеттік қызметкерлер де жазалануы тиіс, деді. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Вы относительно новый человек в системе Министерства обороны. Но несете полную ответственность за положение дел. Я как Главнокомандующий выражаю неудовлетворение положением дел в Минобороны. Поэтому объявляю вам строгий выговор.

- Есть!

- Иначе быть и не может, садитесь. Грубо говоря, большую часть города разбомбили. 

Арыстағы қоймадан әлі 28 мың тонна оқ-дәрі шығарылмаған. Оны көшіріп алып кету үшін 10 ай мерзім мен 817 вагон қажет. Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі елдегі барлық әскери қоймалардың сақталуы мен орналасуына қатысты анализ жасауға міндетті. Президент талдау қорытындысын 20 тамызға дейін ұсынуды жүктеді. 

А. Бектас