Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері ауысып отыруы керек, - Е. Саиров

AstanaTV
22.07.2019ж. 20:00
1774
Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері ауысып отыруы керек, - Е. Саиров

Ұлттық сенім кеңесінің құрамы мәңгілік емес. Ол ауысып отыруы керек. Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров осындай пікірде. Ол алда мүшелер сайлау негізінде бекітілгені де дұрыс дейді. Президент жанындағы жаңа органның жұмыс тәртібіне қатысты дөңгелек үстелде кеңес жұмысы бюджеттен қаржыландырылмайтыны да айтылды. Құрамындағы азаматтар жалақы алмайды. Ал қоғаммен диалог орнату жұмысының қалай өрбитінін және нақты міндеттерін әлі ешкім толық білмейді.

Ерлан САИРОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Егер мен өзімнің миссиям орындалғанын білсем, мен ол жерде отырмаймын. Егер ол жерде мына қордаланған мәселелердің бәрі шешілетін болса, біздің елімізде саяси ілгерілеу, әлеуметтік трансформация болатын болса, әрине, онда, кеңестің жұмысы өзін-өзі ақтады деген сөз, ол жабылады. Бұл менің жеке пікірім. 

Жиында қазір қолданыстағы қоғамдық кеңестер пен Ұлттық кеңестің айырмашылығы түсіндірілді. Әкімшіліктер жанындағы қоғамдық кеңестер қызметі - кеңес берумен қоса, бақылау. Ал Ұлттық кеңеске бақылау құзіреті берілмеген. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өкілі Алуа Жолдыбалина азаматтардың шағым-өтініштерін қабылдайтын жүйе жасауымыз керек дейді. Әйтпесе - сенім кеңесіне сенімнің әзірге жоқтығын бәрі мойындап отыр. 

Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА, ҚСЗИ БӨЛІМ БАСШЫСЫ, ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ :

Көп жағдайда қоғамдық кеңестердің ұлттық кеңеске қарағанда айырмашылығы - қоғамдық кеңес ашықтықты қамтамасыз етеді. Бақылауды қамтамасыз етеді. Ал ұлттық кеңес бұл көп жағдайда сараптама, стратегиялық мәселелерді анықтауға бағытталған... Екеуі екі бөлек орган, екеуінің де қызметі бөлек. Қазір халық ортасында ұлттық кеңеске деген сенімді молайтпайынша оның жұмысының тиімділігіне де күмән келуі мүмкін. 

А. Сейфулла