Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентте ескі гараждан денесі табылған үш жасар қыз тұншығып өлген болуы мүмкін, - ІІМ

AstanaTV
22.07.2019ж. 20:00
3700
Шымкентте ескі гараждан денесі табылған үш жасар қыз тұншығып өлген болуы мүмкін, - ІІМ

Шымкентте өлі денесі табылған үш жасар қыз тұншығып өлген болуы мүмкін. Қалалық полиция департаменті осындай болжам айтып отыр. Баланың денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ дейді. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Әсел САДЕНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Cараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде «қысу массасының механикалық асфиксиясынан», яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар. Сонымен бірге сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. 

Еске салайық, бүлдіршіннің денесі кеше кешке Шымкенттегі «МЖК» ауданындағы гараж маңынан табылған. Ол ата-анасымен бірге жақын жердегі жатақханада тұрыпты. Анасы болса үш жасар қызды қасақана өлтірген деп отыр. 

Клара ӨМІРБАЕВА, АНАСЫ: 

Үйден төртте шыққан ғой. Менің артымша кетіп қалған ғой. Мен базарға кеткенмін. «Мама, мен манты жегім келеді, істеп берші» деген соң фаршқа кеткенмін... Қыз екі жарым сағат ана жақта өлі денемен жатыр екен ғой. Ол тұншыққан жоқ, зорлаған.«Гороховый» көйлек кигізгенмін. Сол көкірегінде тұр. Ішінде киім жоқ, тапочкасы жоқ. мынаның бәрі қан ғой. 

А. Сейфулла