Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағандыда «7- 20- 25» бағдарламасы бойынша салынған үйлер жәрмеңкесі өтті

AstanaTV
26.07.2019ж. 20:00
2962
Қарағандыда «7- 20- 25» бағдарламасы бойынша салынған үйлер жәрмеңкесі өтті

Баспана саудасы. Қарағандыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлер жәрмеңкесі өтті. 13 құрылыс компаниясы мен «Баспана» ипотекалық ұйымының 8 серіктес банкі тұрғындарға ипотекалық несие алу жолдарын түсіндірді. Жылжымайтын мүлік нарығындағы мүмкіндіктержайлы тілші толықтырады. 

Жұлдызай Қарабекова 3 жылдан бері пәтер іздеп жүр. Жас отбасы баспана жалдап тұрады. Үйге жинаған азын- аулақ ақшасымен бүгін жәрмеңкеге келген. Құр қол қайтпасақ екен,- дейді келіншек.

Жұлдызай ҚАРАБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бір адам жұмыс істегеннен кейін конечно қиын болады. Үй снимать ету керек, еще жильеға жинау керек ақша. Жағдайымыз жететіндей үй керек, мысалға екі комнаталы. Біз екі комнаталыға қарастырып жатырмыз.

"7- 20 - 25" бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлер жәрмеңкесі баспанаға мұқтаж жандар үшін ұйымдастырылды. Бүгін 13 құрылыс компаниясы мен 8 банк өкілдері тұрғындарға ипотекалық несие алу жолдарын түсіндірді. «Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметінше, аталған бағдарлама арқылы жаңа пәтерлерге 7 %- бен 20 жылға, ал екінші нарықтағы баспанаға 7,75 %- бен 15 жылға несие беріледі. Тіпті, жалақысы төмен азаматтардың өзі ипотека рәсімдей алады.  

Рүстем ҚЫДЫҚОВғ «БАСПАНА» ИҰ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Кейбір банктер мысалы, 60 мыңнан бастап жалақы алатын адамдарды қарастыра бастайды. Кей банктердің талаптары жоғарырақ. сол үшін олар кішкене жоғарырақ талап етеді. Бүгінгі таңда біз көріп отырған несиелер бойынша 60 мың жалақысы бар адамдар да несиеден үмітті. сол несиені алып жатыр.

Жаңа пәтерлерді құрылыс компанияларынан тікелей алуға да болады. Олар үйлерді сала бастасымен сатылымға шығарады. Тіпті, бөліп төлеу мүмкіндігі де бар. Ондай тұрғын үй кешені Қарағандының солтүстік шығысында салынбақшы. Ал мұндай қолжетімді баспананың сапасын «Nur Otan» партиясындағы арнайы комиссия қадағалайды. 

Дархан СӘДУАҚАС, «EURAZIA BUILDING» ЖШС ҚАРАҒАНДЫ КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Мұнда барлық әлеуметтік топтарға ыңғайлы пәтерлер салынады. Бизнес санаттағылары да бар. Біз кез келген адам ала алатындай бағамен сатамыз.

Қадиша ОСПАНОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Комиссиялар жаңағы үйлердің тек қана салынғанын ғана емес, олардың сапасын тексереді. Қандай материалдар қолданылды, қалай салып жатыр? Мысалы инфраструктурасы салына ма, соның бәрін қарап біз өзгерістер мен ұсыныстарды беріп жатамыз.

Бүгінде Қарағанды қаласының болашақ орталығы оңтүстік шығыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде ипотекамен баспана алғысы келген 450 адам 4 жарым млрд теңгеге тапсырыс берген. 

А. Қуаш