Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылордада тері өңдеушілер шығынға батып жатыр

AstanaTV
29.07.2019ж. 20:00
3142
Қызылордада тері өңдеушілер шығынға батып жатыр

Қызылордада тері өңдеушілер шығынға батып жатыр. Кәсіпкерлер халықтан ірі қара мал терісін қабылдамайтын болған. {КТМ} Ал алып цехтарға шикізатты көптеп сақтау қымбатқа соғады. Бизнестегілер бұрын 8 мың теңгеге дейін бағаланған сиыр терісіне қазір ешкім 200 теңгеден артық бермейтінін айтады. Ал мамандар бұған өңделмеген теріні сыртқа шығаруға салынған тыйым себеп, деп отыр. Бірақ, бұл шешім отандық тері зауыттарын қолдап, экспорттаушыларды ынталандыруға бағытталған еді. {СНХ}

Ерболат РСАЛИЕВ, КӘСІПКЕР: 

Тиым салынғанға байланысты біздің терілеріміз еш жерге, ешқандай жүрмей қалды. Тек далаға тастаудан басқа ешқандай әрекет жасап жатқан жоқпыз. Біздің еліміздің ішінде ешқандай сұраныс жоқ бұл теріге. Тек қана шетелге алып кетіп отырған.

Қызылордалық кәсіпкерлер палатасы осы саладағылардың 75 млн теңге шығынға батқанын есептепті. Жыл басынан бері ауыл тұрғындары 15 мың тері дайындаған. Ал басқарма басшысы Жасұлан Серіков жағдайды қайта қалпына келтіру әзірге мүмкін емес деп отыр. 

Жасұлан СЕРІКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бізге ең жақыны Шымкент қаласында. Қызылордада тері қабыладу пунктері жоқ. Біз бірнеше рет оларға шығып көрдік қашан қабылдайыздар, қаншадан қабылдайсыздар деп. Бірақ мардымды жауапты ешкім ала алмады. Бұған дейін ешқандай мемлекеттік қолдаусыз жұмыс істеп тұрған жүйе. Бүгінгі күні мүлде тоқтап қалды.

Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі зауыттар жылына 3 млн ірі қара мал терісін өңдей алатынын жеткізді. Бұл орташа есеппен айына 13 мың теріні құрап отыр. Оның үстіне, тұралап қалған 3 кәсіпорын биылдан бері жұмыс істей бастапты. Олар Қостанай, Павлодар мен Түркістанда орналасқан. Ал қалған 14 зауыт өз өндірісін шамамен 2,5 есеге арттырған.

Руслан ИМАНҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: 

17 кәсіпорынның 6-ауы өңделмеген теріден дайын теріге дейін қайта өңдеу жүйесі жұмыс істейді. 3 кәсіпорын қой терісінен дайын бұйымдар шығарады. Қалған 8 кәсіпорын жартылай былғары фабрикаттарын шығарады. 2019 жыл 6 айының қорытындысы бойынша тері саласында оң өзгерістер бар. 

А. Бектас