Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Н. Назарбаев партияны жандандырудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

AstanaTV
29.07.2019ж. 20:00
2116
Н. Назарбаев партияны жандандырудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Елбасы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті де қабылдады. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияны жаңғырту жоспарын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуы туралы баяндалды. Ал Елбасы өз кезегінде «Nur Otan» партиясының өңірлердегі филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Халықпен «кері байланыс» орнату құралдарының тиімділігін арттыру, соның ішінде партияның қоғамдық қабылдау орындарының қызметін жақсарту мәселелеріне де назар аударылды. 

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз сіздің тапсырмаңыз бойынша, партияның жаңғыруы бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Тиісті жоспарларды дайындадық, соны сіздің қарауыңызға ұсынамын. Жалпы енді Арыста да нұротандықтар бәрі сол жақта, белсенді түрде қатысып отыр. "Жас Отан" жастары сол жаққа барды жұмыс жалпы белсенді жалғасып жатыр.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бізде бастауыш ұйымдарының басшылары кездесуі бар, политсоветтің де кездесуі бар болашақта. Өңір-өңірлерді аралап, партияны болашақтағы, алдымызда келе жатқан электоралдық мәселелерге дайындауымыз керек.

Қайыртай Д.