Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Апостиль қойылған анықтаманы алу мерзімі қысқарады

AstanaTV
31.07.2019ж. 20:00
1860
Апостиль қойылған анықтаманы алу мерзімі қысқарады

Енді апостиль қойылған анықтаманы 5 күнде емес, 1 тәулікте алуға болады. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті құжат алу мерзімін қысқартпақ. Құзырлы орган Азаматтарға арналған үкімет корпорациясымен бірлесіп, меморандумға қол қоятын болды. Айта кетейік, биылдан бері сотталмағандығы туралы анықтама 92 мыңнан аса азаматқа берілген. Оның ішінде 2,5 мың адам апостиль штампы қойылған құжат алуға өтініш беріпті. 

Ақыл ҚАРПАҚБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ КОМИТЕТІНІҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Меморандумға қол қойылса, мерзімін 5 күннен 1 күнге дейін қысқартамыз. Мәселен, бұл анықтамалар шетелге шұғыл кетуі керек болған азаматтарға аса қажет болады. Сол себептен оны қысқарту шешімі қабылданып жатыр.

А. Бектас