Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке көмекшілері екі айдан бері жалақыларын ала алмай жүр

AstanaTV
31.07.2019ж. 20:00
3637
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке көмекшілері екі айдан бері жалақыларын ала алмай жүр

Қызылорда облысында көзі нашар көретіндердердің жеке көмекшілері екі айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Тек Шиелі ауданында 139 адам еңбекақыларын сұрап, күн сайын әкімдік есігін қағады. Ал шенділер жеке көмекшілерге жалақы төлеу бойынша конкурсты жеңіп алған «Ұшқын» мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне сілтейді. Аталған жағдайда кім кінәлі және жалақы қашан төленеді? Тараптарды тілшіміз тыңдап қайтты.

Мыңбай Қонарбаев «жеке көмекші» мәртебесін былтыр алды. І топ мүгедегі зағип жұбайының жанында тәулік бойы жүреді. Еңбекақыны осыған дейін уақытында алып келген. Ал маусымнан бастап жалақы түспепті.

Мыңбай ҚОНАРБАЕВ, ШИЕЛІ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Қазір екі айдан асып бара жатыр ақша алған жоқпыз. «Ұшқын» келгеннен кейін почти 32 мыңға дейін көтерілді ақша. Үкіметтің бөлген ақшаларын.

Жергілікті мүгедектер қоғамындағылардың айтуынша, жеке көмекшілердің еңбекақысын төлеуді конкурс негізінде «Ұшқын» қоғамдық бірлестігі ұтып алған. Бұл мақсатқа мекемеге жыл басында 28 миллионнан астам қаражат бөлінген. Қаржы жыл аяғына дейін жетуі тиіс еді. Бірақ олай болмады,- дейді. 

Асылбек СМАИЛОВ, ШИЕЛІ АУДАНЫ «ҮМІТ» МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Аудан басшыларына да кірдік екі мәрте, ол кісілер айтады: договорға райсобес пен «Ұшқын» отырды, екеуінің арасында келісім-шарт бар, сол келісім-шарт бойынша «Ұшқын» өзі төлейді қалтасынан деп отыр.

Ал барлық дау ең төменгі жалақы деңгейін көтергеннен туындады,- дейді «Ұшқын» мүгедектердің оқу-өндірістік мекемесінің директоры. Былтыр еңбекақы көлемі 28 мың теңге еді. Бір ай бұрын 42 мың теңгеге өскен. 

Бақыт ЖҰМАШЕВ, «ҰШҚЫН» МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:   

Біздің конкурс бойынша ұтып алған қаражатымыз 29 миллион көлемінде. Ең төменгі айлық көрсеткіші 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге көтерілгеніне байланысты қаражат жағы жетіспей отырғаны рас. Енді осы қайта есептеліп жатыр.+ Енді алдағы уақытта әкімшілік тарапы бұл сұрақтарды шешеміз деп уәде беріп отыр.

Дәулет БАЙМАҒАНБЕТОВ, ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Маусым айында төленбеді деп бұл кісілер наразылық білдіруде. Бес айға 22 миллион аударылды «Ұшқын» мекемесіне. Қалғаны жеті ай. Кешегі жалақының өзгеруіне байланысты қосымша тағы қаражат сұралып, хаттар жолданды тиісті орындарға. Жауап келсін, заңдылығына сәйкес аударып береміз.

Бұл мәселені шешуге уақыт керек. Сондықтан шенділер жалақы төленетін нақты мерзімді айта алмай отыр.  

Ш. Сақтапова