Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент қазақстандық кәсіпкерден аяқ киім сатып алды

AstanaTV
01.08.2019ж. 20:00
2266
Президент қазақстандық кәсіпкерден аяқ киім сатып алды

Президент 21 мың теңгеге қазақстандық кәсіпкерден аяқ киім сатып алды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдауы қара-қоңыр түсті лоферге түскен. Бұл туралы бизнесмен арнамызға телефон арқылы хабарлады. Отандық өнімді сатып алғанын мемлекет басшысы да твиттердегі парақшасында жазды. Ол жас кәсіпкердің «Айқын» газетіндегі сұхбатын оқыған. Дәурен Раманқұл басқаратын фабрика 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын жылына 10 мыңнан аса аяқ киім шығарады. Фабрика 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Дәурен РАМАНҚҰЛ, КӘСІПКЕР: 

Президенттің өзі біздің өнімді сатып алғаны әрине, фабрикамыздың саудасын арттырады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы бізбен байланысқа шығып, аяқ киім модельдерін жіберуін өтінді. Осылайша Қасым-Жомарт Кемелұлы қара-қоңыр түсті лоферді таңдады.

А. Бектас