Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қабылдау өтті

AstanaTV
01.08.2019ж. 20:00
2645
Павлодарда «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қабылдау өтті

Павлодарда «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қабылдау өтті. Бұл жолы «Nur Otan» партиясы тұрғындарды үй аулалары мен базар алаңдарында қабылдады. Шараға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жергілікті полиция өкілдері мен мәслихат депутаттары қатысты. Жиын барысында олар тұрғындарды алаңдатқан сұрақтарға жауап беріп, мәселенің шешілу жолдарын ұсынды. Көпшілігін әлеуметтік мәселелер мен қаланы абаттандыру, санитарлық тазалық сынды түйткілдер толғандырған. Шаһардың 4 шағын ауданы мен аймақтың өзге де қалалары мен аудандарында дәл осындай ашық аспан астындағы қоғамдық қабылдау шаралары бір мезетте жүргізілді. «Халыққа көмек» жобасының мақсаты - халыққпен кері байланыс орнату. 

Николай ДЫЧКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Nur Otan» - халықтың партиясы. Сондықтан да халықты өзіне шақырмай, тұрғындарға жақын болу үшін өздері келіп отыр. Мұндағы көтерілген мәселелерге сараптама жасап, тиісті жұмыстар атқарамыз. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қоян-қолтық жұмыс жасайтын боламыз.

Ө. Қуанар