Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алакөлге лас су қонақ үйден құйылған - Б. Әденов

AstanaTV
01.08.2019ж. 20:00
3396
Алакөлге лас су қонақ үйден құйылған - Б. Әденов

Алматы облысындағы Алакөл көліне құйылған құбыр суының қайдан келгені белгілі болды. Лас су демалыс орнының маңындағы «Көктем Гранд» қонақ үйінен құйылыпты. Бұл туралы облыстық экология департаментінің мамандары хабарлады. Қазір осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып кінәлілерді анықтамақ.

- Прям канализацияның иісі ғой мынау, фууу! Какая разница мына жақтың бәрі уже все. Ужас! Ужас! Ужас! 

Демалыс орнына барғандар көлдегі судың ластанғанын көріп, бірден жағалауға қаша бастаған. Өйткені су лайланып, сасық иіс шыққан көрінеді. Не істерін білмей абдыраған жұрт бірден қалта телефондарын алып, бейнеге түсірген.  

- Ты главное вон то здание сними. Чтобы было понятно, откуда это. 

Облыстық экология департаменті мамандарының хабарлауынша қалдық сулар сол маңдағы «Көктем Гранд» қонақ үйінен аққан. Ал қонақ үй басшылары мамандарға бұл жағдайды бассейнінен аққан су деп түсіндіріпті. Әрі көлге ешқандай зияны жоқ екенін де айтқан. 

Батырхан ӘДЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

"Көктем грандтың" басшыларының айтқан сөздері бойынша насоспен алакөл көлінен су бассейнға сорып аламыз деді. Сосын 10 күннен кейін алакөлге қайта төгеміз деді. Қазір мынау басшыларын шақырсақ қазіргі кезге дейін келген жоқ.

Аталмыш жағдайға қатысты экология министрі Мағзұм Мирзағалиев та өз пікірін білдірді.   

Бұл жағдайды егжей-тегжейлі тексеретін боламыз, кінәлілер міндетті түрде жазаға тартылады.

Ал қонақ үйдің қызметкерлері басшыларының іс-сапарға кеткенін айтып, кейін тілдесуді өтінді. 

Бастықтар іс-сапармен жол жүріп кетті, кейін қайта хабарласуларыңызды өтінеміз. 

Ал елдің бас санитарының айтуынша, аумақтық табиғатты қорғау департаменттері демалыс орындарына бассейн суын көлге төгуге, жаңартуға рұқсат берген. Одан еш қауіп жоқ деп отыр.  

Жандарбек БЕКШИН, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЫ:  

Маған арнайы видео келіп түсті, онда 2 бассейннің 2 құбыры анық көрсетілген. Яғни терең су сорғылары бассейнге көлдің суын алады және ескірген суды қайтадан көлге құяды. Ол қалдық судың еш зияны жоқ. Дегенмен, сынама алынды, тиісті зерттеулер жүргізіледі. Туристер мен Алакөлге қауіп төніп тұрған жоқ.  

Дегенмен мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін Алакөл ауданының әкімдігі арнайы комиссия құрған. Мамандар демалыс орнына барып тексеру жұмыстарын жүргізіп, сынамалар алған.  

Ә. Лесбек