Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

"Нұрлы Ертіс" бағдарламасы аясында елордадан тағы 36 отбасы Екібастұз қаласына қоныс аударды

AstanaTV
02.08.2019ж. 20:00
3538
"Нұрлы Ертіс" бағдарламасы аясында елордадан тағы 36 отбасы Екібастұз қаласына қоныс аударды

"Нұрлы Ертіс" бағдарламасы аясында елордадан тағы 36 отбасы Екібастұз қаласына қоныс аударды. Осылайша 68 ересек пен 148 бала бүгін кезекті көшпен жолға шықты. Жұмыссыздық пен баспана машақатынан мезі болып, жаңа өмір бастауға ұмтылған жанұяларға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Олар жеке баспана иемденіп қана қоймай, жұмысқа орналастырылады. Ал балалары мектеп, балабақшаларға тегін орналастырылады. Тіпті жаңа оқу жылына да дайындамақ.

Гүлнұр МАҚСАТОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА: 

Менде 4 бала 3 қыз, 1 ұлым бар. 3 бөлмелі пәтер беріледі деп жатыр. Өте қуаныштымыз. Бастысы басымызда баспанамыз бар. Өзімде диплом мұғаліммін. Осы диплом бойынша жұмысқа орналастырамыз деп жатыр. Көп балалы отбасыларға жеңілдіктер көп деп жатыр.  

Ал қоныс аударға әр адамға 88 500 теңге беріледі. Бір жыл бойы коммуналдық төлемдер мен аренда ақысын мемлекет төлеп береді. «Нұрлы Ертіс» бағдарламасымен мамыр айынан бастап 102 отбасы елордадан Екібастұзға қоныс аударған. 600 адам қазір қоныстарына жайғасып, жартысынан астамы жұмыс тауып үлгерген. Бағдарламаға ілігу үшін ол жақта тапшы мамандық бойынша жұмыс істеуге келісу керек болады. Ал бала саны 4-ке жетпейтін отбасыларға екі бөлмелі пәтер берілсе, көп балалы отбасыларға 3 бөлмелі үй ұсынылып отыр. Оны 5 жылдаң соң жекешелендіріп алуға болады.

Бақтияр МӘКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Аман-есен барыңыздар ақ жол енді. Иә, өзіміз енді сіздерге қарап өзім де қобалжып тұрмын енді. Қимай деген сияқты. Ең бірінші бұл біздің балаларымыз үшін. Бұл елбасының, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Сондықтан барлығы ұзағынан болсын.  

Н. Біләл