Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда зорлық-зомбылық көрген әйелдер ісі бойынша екі күдікті де қамауға алынды

AstanaTV
02.08.2019ж. 20:00
2193
Алматыда зорлық-зомбылық көрген әйелдер ісі бойынша екі күдікті де қамауға алынды

Алматыда зорлық-зомбылық көрген әйелдер ісі бойынша екі күдікті де қамауға алынды. Бір апта ішінде соққыға жығылған әйелдер ісі елдің жағасын ұстатты. Алғашқыда әлеуметтік желіде әншінің жанайқайы жарияланса, кейін танымал психологтың зорлық көргені белгілі болды. Әсем Лесбек жәбірленушілер ісіне үңіліп көрді. 

Дүйім жұрттың назарын аударған оқиғалардың алғашқысы өнерлі отбасындағы жанжал еді. Танымал әнші Ксения Ашығалиева әлеуметтік желіге өзін жеті жыл бірге тұрған гитарашы күйеуі өлтірмек болғанын айтып, видео жүктеді. Келіншегінің сөзін жоққа шығарған жұбайының ісі қазір қалалық сотқа жіберіліп, күдікті қамауға алынды. 

Абай ЖАРЫЛҚАСЫН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ РЕСИМ ӨКІЛІ:

Бауыржан Ашиғалиевке қатысты екі ай мерзіме күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ол ҚР-Қылмыстық Кодексінің 24 бап / 3 бөлігінде, 126 бап/ 2 бөлігі, 1 тармағында көзделген қылмысты жасауда күдіктеледі. 

Ер азамттың қорлығын көрдім деген әйгілі психолог Светлана Божко бұзақы аулада тап бергенін айтты. Саусаққа киілетін суық қарумен оңдырмай ұрса керек, жағы мен бет сүйектері сынған. Оған екі рет ота жасалыныпты.

Светлана БОЖКО, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Менен кітапхананың қайда екенін сұрап, бірден темір қарумен бетімді соққылап тастады. Бұзақыны мүлдем танымаймын. Іс полицияға жіберілген соң оның 27 жасар екені анықталды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ IIД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Шабуыл жасаған сезікті азамат қамауға алынды. Ол 1991 жылы туылған Сабырбаев М есімді жергілікті тұрғын. Қазіргі таңда сұрақ-жауап алу процедуралары және басқа да тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қазір қос бірдей келіншекке дәрігерлерден бөлек, психолог мамандарының көмегі қажет. Зорлық-зомбылыққа қарсы «Не молчи.Кз» қоғамдық қорының мәліметінше елде былтыр мұндай 1300-ден астам оқиға тіркелген. Ал биылғы көрсеткіш 800-ге жуық. 

Дина СМАИЛОВА, «НЕ МОЛЧИ.КЗ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мұндай жағдайлар күн сайын болып жатыр. Көбісі жариялауға қорқады және полиция уақытылы жұмыс жасамайды. Бұл жағдайға құзырлы орындар бей-жәй қарамаса екен. 

Осы "Не молчи" қоры жариялаған жолсеріктер ісінен кейін заңға өзгеріс енуі мүмкін. Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев былай пікір білдірді.

Нұржан ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Үкіммен келіспейдін. Сонда еліміздегі әйелдердің құқығы заң жүзінде осылай қорғалады ма? Мен осы жағдай бойынша тергеу амалдарының қайта жүргізілуін талап етемін. Жолаушылардың да құқығы қаншалықты қорғалып жатқанын қадағалау керек. 

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ: Дегенмен бас прокуратураның мәліметінше, каскөйлер шабуылы көбіне жертөледе және көлік, баспалдақ, дүкен, лифт сынды орындарда тіркелетін көрінеді. 

Ә. Лесбек