Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясы көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

AstanaTV
09.08.2019ж. 20:00
3237
«Nur Otan» партиясы көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

«Nur Otan» партиясы «Мектепке жол» акциясы аясында оралдық отбасына көмек көрсетіп, тоңазытқыш әперді. Ал жаңа оқу жылы қарсаңында павлодарлық кәсіпкерлер оқушыларға қажетті киім-кешек пен бонус-сертификаттар табыстады. Шара соңында балғындарға арналып балмұздақ пен тәтті толы дастархан жайылды.

Павлодар қаласының тұрығыны - Жібек Кулагнанова 7 баланың анасы. Сегізіншісіне аяғы ауыр. Сондықтан ол үшін балаларды мектепке дайындау үлкен шаруа. Өйткені, 6 бірдей баласы мектепке барады. Сол себептен де Nur Otan» партиясы ұйымдастарған «Мектепке жол» акциясына 3 баласымен келіпті. Шара аясында көп балалы ана балаларына қажетті киім мен оқу құралдарына алды. 

Жібек КУЛАГНАНОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА: 

Әр баланы мектепке жіберу оңай емес. Но, бір жақсы жері бізге болысып тұр ғой. 3 баланы маған көмектесіп жіберсе, қалған үшеуін киіндіреміз.

Акция шеңберінде өткен бұл шараға өңірден көп балалы аналардан бөлек, аз қамтылған отбасылардың оқушылары шақырылған. Оларға оқу жылына қажетті заттар алуға бонус сертификаттары берілді. Демеушілер жергілікті депутаттар мен кәсіпкерлер.  

Қобыланбек ҚОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Кейбір отбасыларда уақытша мүмкіншіліктер болмауы мүмкін. Көп балалы аналар жұмыссыз қалып, мүмкіндіктері болмауы мүмкін. Сондай жанұяларды округтарымыздан қарастырып, партияға келген ата-аналарда бар көмек сұрап келген солардың барлығының бастарын қосып, осы жерде сертификаттар беріп, кацелярияға, киім-кешекке осындай жолды көрсетіп отырмыз. 

Ал, Батыс Қазақстан облысындағы нұротандықтар да бұл шарадан қалыс қалмады. Олар 10 жылдан бері пәтер жалдап келе жатқан Муфтахиевтер отбасына көмек көрсетті. Отағасының жалғыз табысына 6 бала қарап отыр, оның екеуі мүгедек. Балғындарға оқу құралдарын сыйға тартып қана қоймай, отбасының көптен бергі арманын орындап, су жаңа тоңазытқыш алып берді.  

Гүлбаньян МУФТАХИЕВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

Кішкентай балаларым бар, оларға дайындаған тамақ бұзылып кетпес үшін тоңазытқыш керек-ақ. Пәтерде тұрсақ та, осы тоңазытқышқа мұқтаж едік. Осы арманымызды орындаған Nur Otan партиясының көмегіне ризамыз, алғысымызды білдіреміз.

Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету - «Nur Otan» партиясы басымдық берген бағыттардың бірінен саналады. Енді партия өкілдері отбасының баспана мәселесін шешіп беруді жоспарлап отыр. 

Гүлназ ҚҰЛЖАНОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі таңда кезекте 204 болып тұр. Келесі жылда кезегі келеді деген сенімдеміз. Бірақ Гүлбаньянның мына тұрғын үй мәселесін біз өзіміз жеке бақылауға алып отырмыз.

Биылғы жылы Оралда 1500 адамға атқарушы органдар арқылы көмек көрсетілген. Бұл 12 миллион теңгені құрайды. Ал «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсеткен нұротандықтар 130 балаға оқу құралдарын алып берген. 

Ө. Қуанар