Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Өртенген қоқыс полигонынан өскемендіктер денсаулығына қауіп төнді

AstanaTV
12.08.2019ж. 20:00
2518
Өртенген қоқыс полигонынан өскемендіктер денсаулығына қауіп төнді

Өскемен ауасы қауіпті. Экологтар өскемендіктерге уланып қалмау үшін далаға шықпауға кеңес берді. Өйткені тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигонда өрт болып, қаланы түтін басқан. Мамандар ауа нормадан тыс ластанды деп дабыл қағып отыр. Ал төтеншеліктер бір түнде өрттің негізгі ошағын ғана сөндірді. Қоқыс әлі бықсып, жанып жатыр. Сондықтан от жақын маңдағы ауылдарға ұшқындап кетуі де мүмкін.

Наталья ИСКАКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жел күшейсе біздің үйлерге де шоқ түсуі мүмкін ғой. Қазір басылған секілді, бірақ таңертең лаулап тұрып жанған.

Виктор САВИНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Қазір дала кеуіп тұр. От тез таралады. Қауіпті, әрине.

Жергілікті билік те қауіптеніп отырған сияқты. Қазір полигонға өрттің таралып кетпеуі үшін арнайы техникалар жұмылдырылған. Әкімдіктегілер 1 гектар жер өртенді деп отыр. Егер полигонға жауапты «Спецкоммунтранс» кәсіпорны тұтанған жалынмен өз бетінше күрескенде, өртенген аумақ бұдан кіші болар еді дейді. Экологтар әзірге үйден шықпауға кеңес берді.

Елена ПОЛЯНСКАЯ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЭКОЛОГЫ :

Біздің бекеттер ауадан хлорлы сутек улы газының шамадан тыс көбейіп кеткенін тіркеді. Бұл - ағза зиян. Адамдар тұншығып, коньектювит болуы мүмкін.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Негізі бұл қоқыс полигоны 2020 жылға дейін пайдаланылуы тиіс еді. Енді әкімдік жаңа полигон ашуды немесе қоқыс өңдейтін зауыт салуды ойластырып отыр.