Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жастар 4 мың метр биіктіктегі "Абай" шыңын бағындырды

AstanaTV
12.08.2019ж. 20:00
3410
Жастар 4 мың метр биіктіктегі "Абай" шыңын бағындырды

Келер жылы кең көлемде аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Алматы қалалық "Жас Отан" жастар қанаты Абай шыңын бағындыру шарасын өткізді. Оған 100-ден астам алматылық қатысты. Ұйымдатырушылар Хәкім Абайдың мұрасын дөңгелек үстел, концеренция форматында емес, жастарға қызықты жаңа, ерекше түрде жеткізуді көздедік деп отыр. 

Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы, Бітпейді ішімде, Ғашықтың жарасы. 

Аз сөзге көп мағына берген хәкім Абайдың бұл туындысын жастар Алатау баурайында шырқады. Шараға қатысушы 100-ден астам адам қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгерінің әндерін ғана емес қара сөздерін, өлендерін, өмірлік дара жолын да талқылады. 

Нұрсұлтан БАЙЖАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Біз Абай Құнанбаевтың жол бойы өлендерін айтатын боламыз, қара сөдерін яғни бұл адамдарға рухани азық, рухани азық беру, рухани байлық. Рухани жаңғыру деп айтсақ болады.

Ұлы ақынды ұлықтау шарасы "Абай" шыңын бағындыруға ұласты. Бұған партияның жастар қанаты мұрындық болып отыр. Ыңғайлы болу үшін акцияға онлайн тіркелу де қарастырылған. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіби құтқарушылар да тартылды.   

Жарқынай ТАНСЫҚБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Біз акцияға қатысу үшін бар болғаны онлайн тіреуден өттік. Бұл өте керемет мүмкіндік қой. Өйткені көп адам "Абай" шыңына шыққысы келсе де кейде қорқады. 4 мың метрден астам тау шыңына шығу әрбір адамның қолынан келе бермейді. Ал мұнда барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Қасымызда арнайы адамдар да бар. Сондықтан халық болып мұндай акцияларға қатысу тек денсаулыққа ғана емес, рухани азық алу үшін де қажет.

Жастар діттеген мақсаттарына жетіп, еліміздің көк байрағы мен "Жас Отан" жастар қанатының туын биік шыңға тікті. Бұл акция алдағы уақытта да жалғасын табады. "Абай" шыңы теңіз деңгейінен 4010 метр биіктікте орналасқан. Ол үш найзатастан тұрады. Шыңға 1932 жылы ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Бұл биікке 1995 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет шыққан еді. Ол жылы ұлы ақынның 150 жылдығы аталған болатын.  

Н. Біләл