Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда әлеуметтік желі арқылы шетелдік жігітпен танысқан әйел алданып қалды

AstanaTV
14.08.2019ж. 20:00
2256
Павлодарда әлеуметтік желі арқылы шетелдік жігітпен танысқан әйел алданып қалды

Павлодарда әлеуметтік желі арқылы америкалық жігітпен танысқан әйел алданып қалды. Виртуалды әлемде шетелдік азаматқа «ғашық болған» керекулік 1 млн-ға жуық теңгесін оның шотына аударып жіберген. Полиция департаментінің мәліметінше, 57 жастағы әйел оған тұрмысқа шықпақшы болыпты. Ал шетелдік ғашығы жүгін жинастырып жатқанын, бірақ, жүке төлейтін ақшасының болмай тұрғанын айтып, әйелден қаражат сұраған. Махаббатқа мас болған келіншек оның сұраған соммасын жіберген. Басында алаяқ жүктің жолда кешігіп жатқанын айтып, оны арбауында ұстаған. Кейінен шетелдік күйеу өзінің әлеуметтік желідегі парақшасын толығымен жойып, ізім-ғайым жоқ болыпты. Сонда ғана сан соққан павлодарлық әйел алданғанын біліп, полицияға шағым түсірген. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізгенімен ақшаның қай елге кеткенін анықтай алмапты. Полицейлер бұндай жағдайда алаяқтың табыла қоюуы екіталай деп отыр. 

Владимир БЫЧКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ОҢТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алаяқтық бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ал ақшаның нақты шетелге кеткені анық.

Ө. Қуанар